
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы Көктал ауылдық округіне арнайы келіп, белгіленген кестеге сәйкес жергілікті халықпен кездесу жиынын өткізді.
Көктал ауылдық округінде өткен жиында ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысу мақсатында жалға жер алу, ауыл көшелеріне тасжол төсеу мәселелерін ортаға салды. Ал ауыл тұрғыны Ерлан Меңешов аудан орталығынан алатын тұрғын үй кезегі жайында өз мәселесін айтып, аудан әкімінің берген жауабына қанағаттанды.
Шалғай ауылдарға ат басын бұрған аудан әкімі өзінің іссапар барысында жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің назарға алынып, барлық айтылған ұсыныс-пікірлердің шешілу жолдары қарастырылып, олардың дер кезінде орындалуын өз бақылауына алатынын айтты.
Ауыл тұрғындары да аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, арнайы келіп кездесу өткізгеніне ризашылықтарын білдірді.