
«Ә.Ахметов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жұмысы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
Қазіргі жан-жақты дамыған саналы қоғам-білім мен біліктіліктің, бәсекенің өркениетті қоғамы. Еліміз әлемдік қоғамдастық пен дамыған экономикаға қадам басқан жағдайда оған ие болар бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – бүгінгі ұстаздардың мақсаттарының бірі.
Мектепте барлығы 2022-2023 оқу жылында 24 мұғалім жұмыс істейді. Оның 23 жоғары білімді, 1 орта арнаулы.
Мектеп ғимараты 1981 жылы салынған, жобалық қуаты 642 орындық. Округ бойынша оқушылар саны 155 оқушыны құрайды. Мектепте шағын орталық жұмыс істейді. Жылыту түрі-сұйық отынмен. Мектепке 2020 жылы күрделі жөндеужұмыстары жүргізілді.