Қарой ауылдық мәдениет үйінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Келіндер сайысы-2023» атты мерекелік концерт өтті. Мақсаты мемлекеттік тілге құрмет көрсету,халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу,салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттау.Сөйтіп,қазақ келініне тән әдемілік,әдептілік,ибалылық,сымбаттылық,ізеттілік және ісмерлік пен тапқырлықты дәріптеу.
Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!Сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек.
1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілеймін!
Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы Қарой ауылдық округіне арнайы келіп, белгіленген кестеге сәйкес жергілікті халықпен кездесу жиынын өткізді.
Қарой ауылдық округінде өткен жиында ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысу мақсатында жалға жер алу, ауыл көшелеріне тасжол төсеу мәселелерін ортаға салды. Ал ауыл тұрғыны Төлепберген Туғанбай Есімбеков,Досболов көшелеріне тас жол жасау жайында өз мәселесін айтып, аудан әкімінің берген жауабына қанағаттанды.
Шалғай ауылдарға ат басын бұрған аудан әкімі өзінің іссапар барысында жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің назарға алынып, барлық айтылған ұсыныс-пікірлердің шешілу жолдары қарастырылып, олардың дер кезінде орындалуын өз бақылауына алатынын айтты.
Ауыл тұрғындары да аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, арнайы келіп кездесу өткізгеніне ризашылықтарын білдірді.
Ақпан айының 01 жұлдызында, Балқаш ауданы, Аудандық мәдениет үйінде, «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарған» отты жырларымен, ойлы өрнекті өлеңдерімен есте қалған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» өлеңдеріне жазылған әндерден XV аудандық әншілер байқауына ауыл өнерпаздары қатысып, ерекше өнер көрсеткен қатысушылар арнайы марапатталды!
Алғыс хатпен марапатталған қатысушылар:
1. Береке ауылы, Ноғайбай Бақтияр
2. Қарой ауылы, Алин Қайрат
3-орынмен марапатталған қатысушылар:
1. Ақдала ауылы, Жолдас Айбол және Қайымова Фариза
2. Миялы ауылы, Рахимова Гүлмира
2-орын марапатталған қатысушысы:
Ақжар ауылы, Серікқали Сымбат
1-орын марапатталған қатысушысы және облысқа жолдама алған:
Қарой ауылы, Сұлтан Нұрғазы
БАС ЖҮЛДЕ облысқа жолдама алған қатысушысы:
Көктал ауылы, Төлеубек Талант және Нұрхамитов Абзал марапатталды!
Марапаттарыңыз құтты болсын!!!
Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай. Дәл сондай игі шараның бірі Қарой ауылында орын алып, бір отбасы баспаналы болды. Қарой ауылының тұрғыны Ордабаева Арайлым екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Ауыл тұрғындары қайырымдылық жасап, мұқтаж жанға төрт бөлмелі баспана соғып берді. Ауыл азаматтары қазан айында ашылу салтанатын жасап, ауыл әкімі үйдің кілтін табыс еткен болатын. Үйдің ішін жабдықтау жұмыстарына да ауыл тұрғындары көмек қолын созып, үлгі аларлық іс жасады.