ХАБАРЛАНДЫРУ
Бірлік ауылы әкімдігінің әкімшілік ғимаратында
«Құқықтық кабинет» өз жұмысын жүргізуде.
Аталған кабинетке ауыл тұрғындары келіп, құқықтық
сауаттылығын арттыруға, өз құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау жолдары туралы ақпарат алуға
мүмкіндік алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының
заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын меңгеріп,
құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады.
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.
Мекенжайы:
Бірлік ауылы, әкімшілік ғимарат, Бөтешов көшесі, 2-үй.
Байланыс телефоны:
8 (727) 7393635
ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
1 наурыз – алғыс айту күні.
Ауылдық мәдениет үйі жастар әдіскерімен бірге ауылдың қарттарына барып,
Бірлік ауылының көркеюіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірмекші.
Бейсенбеков Нұржан Қалиұлын еске алуға арналған турнир
1-орын Бура командасы
2-орын Көктал командасы
3 орын Қонаев командасы