Бірлік ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелер

Бірлік ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелер

№

  Проблемалық мәселелер

Ағымдағы жағдай

Жауаптылар

1

Бірлік ауылы сумен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу

Бірлік ауылы бойынша су құбыры 2007 жылы күрделі жөндеуден өтіп қолданысқа берілді. 2023 жылы Бірлік ауылының жалпы 7,2 шақырым құрайтын бірнеше көшелеріне ауыз су жүйесін тартуға,  су құбырының  шіріген құбырларды ауыстыру және 2 жаңа ұңғыма орнату (скважина)  жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамалық комиссияға өткізілді.

А. Алтынбаев

А. Қамзаев

Е. Елубаев

2

Бірлік ауылындағы Ж.Бәрібаев, Ж.Жамбыл, Ш.Уәлиханов, Т.Рысқұлов, А.Иманов, Ы.Алтынсарин, М.Мақатев көшелеріне жаңа түңгі жарық орналастыру

7 Көшеге ақаулы акт жасалынып,  Аталған көшелерге ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында ЖСҚ жасауға сұраныс беріледі.

 

А. Алтынбаев

А. Қамзаев

Е. Елубаев

3

Бірлік ауылындағы Ж.Бәрібаев (600 м), Ы.Алтынсарин (550 м), М.Мақатев (500 м) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары және Бөтешов (500 м) көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары

4 Көшеге ақаулы акт жасалынып,  Аталған көшелерге ағымдағы жылдың І-жартыжылдығында ЖСҚ жасауға сұраныс беріледі.

 

А. Алтынбаев

А. Қамзаев

Е. Елубаев

4

Бірлік ауылдық округінің Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары

Мәдениет үйі 2009 жылы күрделі жөндеуден өтіп қолданысқа берілді. Қазіргі таңда Ақаулы акт дайындалуда.

А. Алтынбаев

А. Қамзаев

Ф. Жылгелдиев

Г. Салимжанова

Е. Елубаев

5

Бірлік ауылдық округінде Т.Рысқұлов көшесінің абаттандыру жұмыстары (Саябақ құрылысын жүргізу)

Бірлік ауылдық округінде Т.Рысқұлов көшесінің абаттандыру жұмыстары (Саябақ құрылысын жүргізу) үшін   жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамалық қорытындысы алынған.        

Сараптамалық қорытындыға сәйкес құрылыс жұмыстарының құны
371 млн. теңгені құрайды.

А. Алтынбаев

А. Қамзаев

Е. Елубаев

 

Дата публикации
23 января 2024