GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпарат
Қызметі
Все материалы
15 апреля 2026
«Құқықтық кабинет»

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Балатопар округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.
Мекенжайы: Балатопар ауылдық округі, әкімшілік
ғимараты, Балатопар ауылы, Т. Күлмаханұлы көшесі 8
Байланыс телефоны: +7 701 364 0406

10 февраля 2025
Хабарландыру

Хабарландыру!

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес Балқаш ауданының әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы халықпен кездесу өткізеді:

                                 12 ақпан 2025 жыл                                               

 

Балатопар ауылдық округі, Балатопар ауылы, Мәдениет үйі, сағ. 15:30

07 февраля 2025
Балатопар ауылының әкімі Д.Базилов ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

Балқаш ауданы, Балатопар ауылдық округінің әкімі Базилов Даурен Кенжебекұлы ауыл тұрғындарымен кездесіп 2024 жылғы атқарылған жұмыстарға есеп берді. 2025 жылдың алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды.

12 декабря 2024
Департаментпен қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қонаев қаласының тұрғынының автокөлігін Бірыңғай ақпараттық жүйенің дерекқорында автокөліктердің VIN-кодтарының болмауына байланысты автокөліктерді тіркеуден бас тартқандығын анықтады.
Тексеру барысында Алматы облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасына көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы талап етілгендігі анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген «Көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына өзгерістер енгізу үшін сот-медициналық сараптама маманының қорытындысы қажет емес.
Осыған байланысты бірыңғай ақпараттық жүйе дерекқорына көліктің VIN кодтарын реттеліп, енгізілді. Осылайша қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

18 января 2024
Балатопар ауылдық округінде көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы балаларға жаңа жылдық шырша өткізілді

Балатопар ауылдық округінде көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы балаларға жаңа жылдық шырша өткізілді.Жаңа жылдық шыршада арнайы сыйлықпен 45 бала қамтылды.Демеушілік білдіргендер ауыл әкімі Базилов Даурен және жеке кәсіпкерлер Қылышбаев Абзал,Әліпбаев Серік,Абенов Жолтай

16 ноября 2023
Балатопар ауылдық округінде аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы ауыл халқымен кездесу жиыны өтті.
Мәдениет
08 декабря 2022
«Тіл тазалығын сақтайық!» атты акциясы

 Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырмасына сәйкес, «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы Балатопар ауылдық округінде де бастау алды.

«Тіл – тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап ой түйетін адам өзінің еліне деген сүйіспеншілігін арттыра түседі. Қазақтың ұлы тұлғалары Абай, Мағжан, Мұхтар, Ілияс, Міржақып, Ахмет аталарымыз сөйлеген қазақ тілі. Бұл тұлғалар қазақ халқымен бірге абыройлы да асқақ, сынақты да сындарлы тағдырды басынан кешірді. Тек ана тіліміз арқылы ата-анаға, елге, Отанға, халыққа деген махаббатымызды жеткізе аламыз. Адам баласы өз анасын қалай сүйсе, өз тілін де солай сүюі тиіс екені анық. Ал, қазақ тілі Қазақстаннның, Қазақстандықтардың – мемлекеттік тілі, ұлттық мәртебелі деңгейдегі тіл, демек – Ана тілі!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы