Бақбақты ауылының 1988 жылғы 39-түлектері туған жерге деген ыстық ықыласын білдіріп, ауылымыздың кіреберісіне арнайы “Бақбақты” ескерткіш белгісі мен Ту алаңын тарту етті.
Бұл — туған ауылға деген шынайы құрметтің, елжандылықтың және кейінгі ұрпаққа қалдырылған тағылымды сыйдың жарқын көрінісі.
Енді ауылымыздың төрінде көк Туымыз желбіреп, елдік пен бірліктің символына айналмақ.
Осындай игі іске ұйытқы болған азаматтарға ауыл тұрғындары атынан шынайы алғыс білдіреміз!
Туған жердің көркеюіне үлес қосқан әрбір жанға құрметіміз шексіз.
Алматы облысының Бақбақты ауылында сужаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Салтанатты рәсімге ауыл жұртшылығы тегіс жиналып, қуанышты сәттің куәгері болды. Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев те айтулы шараға арнайы барып, халықтың қуанышына ортақтасты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа нысан ауылына жанашыр жомарт жандардың жеке қаржысына салынған. Ғимараттың жалпы аумағы –1007.05 шаршы метр. Кешенде футбол, баскетбол және волейболға арналған әмбебап алаң, жекпе-жек түрлерінен шынығатын күрес залы, техникалық жайлар бар. Ашық аспан астындағы заманауи жаттығу алаңы да қарастырылған. 250-ге жуық спортшыны қабылдай алады.
Марат Елеусізұлы жаңа нысан жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып, ел мерейін асыратын спортшылар тәрбиеленіп шығатынына сенім білдірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі өз сөзінде «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша» деп атап көрсетеді. Осылайша Президентіміз бұқаралық спортты дамытуға, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына және ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын
арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінгі ашылып отырған спорт кешені осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі. Балқаш ауданынан еліміздің абыройын асқақтатып жүрген көптеген дарынды спортшылар шыққан. Ауыл жастарының игілігіне беріліп отырған спорт кешені алдағы уақытта жаңа чемпиондарды тәрбиелеп, биік белестерді бағындыруына жол ашады деп сенеміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын межелі уақытында тапсырып, ел алғысына бөленген «Bereket-ТК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына, осындай сүбелі іске үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
Ауыл жастары жаңа спорт кешені жыл бойы тоқтаусыз жаттығып, биік шыңдарды бағындыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар тұрғындар ауылда мұндай заманауи спорт нысанының ашылуы жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін беретінін жеткізді.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Бақбақты ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.
Мекенжай: Бақбақты ауылдық округі, әкімшілік ғимараты, Бақбақты ауылы, Абай көшесі 14
Байланыс телефоны: 8(727)7399252.
Бақбақты ауылдық округінде кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ауыл тазалығын сақтау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сенбілік барысында ауыл көшелері тазартылып, қураған ағаштар кесіліп, артық бұтақтар жиналды. Сонымен қатар, жол жиегі мен қоғамдық орындардағы қоқыстар шығарылып, айнала ретке келтірілді.
Бұл игі іске
Туған жердің тазалығына өз үлестерімізді қосуға асығайық. Осындай шаралар ауылдың көркеюіне, экологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрғындардың бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Сондықтан ауылымыздың көркеюі үшін алдағы уақытта да осындай сенбіліктер тұрақты түрде жалғасын табады деп сенеміз. Бірлік бар жерде – тірлік бар.
Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі дайын құжаттарды ХҚКО-ға қайта бармай-ақ алуға мүмкіндік береді және бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді. 2026 жылы бұл қызметке сұраныс артып келеді - алғашқы үш айда 426 жеткізу рәсімделгенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Қызметті өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Құжат дайын болған соң ол көрсетілген мекенжайға жеткізіледі. Бұл уақытын үнемдегісі келетін немесе орталыққа өзі бара алмайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы.
Жеткізуді өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Ол үшін мекенжайды көрсетіп, қызмет ақысын төлеу жеткілікті. Құжат дайын болған соң курьер қызмет алушымен байланысып, сол күні жеткізіп береді. Құжатты алу кезінде жеке куәлік пен растау коды тексеріледі
Айта кету керек, курьерлік жеткізу 15 мемлекеттік қызметті қамтиды. Оның ішінде туу, неке, ажырасу және қайтыс болу туралы қайталама куәліктер, архивтік анықтамалар мен білім туралы құжаттардың телнұсқалары, сондай-ақ апостиль қою және азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру бар.
Қызмет құны өңірге байланысты: Алматы, Астана және Шымкент қалаларында жеткізу бағасы 2061 теңге болса, басқа өңірлерде - 1036 теңге.
Бұл ретте құжатты жеткізу процесін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады. Бұл құжаттың қай кезеңде екенін артық қоңырауларсыз білуге мүмкіндік береді.
Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл қызмет 2024 жылы іске қосылып, құжаттарды алу процесін жеңілдетуге, уақытты үнемдеуге және ХҚКО-ға қайта бару қажеттілігін азайтуға бағытталған.
Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді
2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады.
Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оның нысаналы мақсатын қашықтан өзгертуге болады.
Сондай-ақ жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту қызметі де онлайн қолжетімді. Егер жалдау мерзімі аяқталуға жақындаса, оны ұзарту туралы өтінішті 90 күн бұрын онлайн беруге болады.
Бұдан бөлек, жер учаскесін жеке меншікке сату рәсімі де цифрландырылды. Жерді онлайн түрде біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. Бұл меншік құқығын рәсімдеу процесін жеңілдетеді.
Қызметтер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі, электрондық үкімет порталы және жергілікті атқарушы органдардың жүйелері арқылы көрсетіледі. Бұл негізгі процестерді онлайн форматқа көшіруге және өтініштердің мәртебесін жүйе арқылы бақылауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Қызметтерді автоматтандыру «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылды және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытының бір бөлігі болып табылады. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде жер қатынастары саласындағы қызметтерді де кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіріп, азаматтар мен бизнес үшін олардың қолжетімділігін арттыруды жалғастырады.
«ЦОН» мобильді қосымшасы: қазақстандықтар қосымша арқылы қанша қызмет түрін алады
Қазақстанда мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіп жатыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1448 қызмет бар, оның 1278-і онлайн форматта қолжетімді. Осындай цифрлық арналардың бірі – «ЦОН» мобильді қосымшасы. Онда 18 қызмет іске қосылған, оның ішінде бейнеқоңырау форматында 79 қызмет түрі бар, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.
Мемлекеттің корпорацияның мәліметінше, 2025 жылы «ЦОН» мобильді қосымшасын 2 миллионнан астам адам жүктесе, 2026 жылдың басынан бері тағы шамамен 370 мың пайдаланушы қосылған. Қосымша арқылы азаматтар уақытын үнемдеп, кезекті алдын ала жоспарлап, QR-талон алып, өтініштерінің мәртебесін және құжаттарының жеткізілуін онлайн қадағалай алады.
Пайдаланушылар ең жиі таңдайтын қызметтердің бірі – электронды талон алу. Қосымша іске қосылған сәттен бері пайдаланушылар 3,5 миллионнан астам электронды талон рәсімдеген. Бұл қызмет азаматтарға бөлімшеде тіркеу рәсімін оңайлатып, қызмет алу процесін ыңғайлы етеді.
Қосымша қашықтан қызмет алу мүмкіндігін де ұсынады. Пайдаланушылар құжаттардың жеткізілуін онлайн бақылай алады, сондай-ақ «Бейне қызметі» арқылы маманмен бейнебайланысқа шығып, бөлімшеге бармай-ақ кеңес алып, қызметті рәсімдей алады.
Көлікке қатысты бірқатар рәсімдер де цифрлық форматқа көшірілген. Қосымшада автокөлікті сатып алу-сату шартын рәсімдеу, көлік тарихын тексеру, мемлекеттік тіркеу нөміріне тапсырыс беру және жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу қызметтері қолжетімді.
Мемлекеттік корпорацияның атап өтуінше, «ЦОН» мобильді қосымшасы халықпен өзара байланыстың негізгі онлайн құралдарының біріне айналды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында бұл платформа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен қолжетімділікті арттыру бағытында өз жұмысын жалғастырады.
Алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған Бақбақты ауылының тұрғыны Шонбаева Мөлдір “Күміс алқа” наградасымен марапатталды.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесі құрметіне ауданымыздың Желтоқсан оқиғасына қатысушысы Жапарова Гүлназ Сейсебайқызына аудан әкімі Құтпанбетов Азат Үкітайұлы арнайы құттықтауын жолдап, олардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігі мен батылдығына құрмет білдірді. Желтоқсаншылардың өр рухы - бүгінгі ұрпақ үшін еркіндік пен мемлекеттіліктің мәнін айқындайтын үлгі. Тәуелсіздігіміз тұғырлы да мәңгі болсын!
Бақбақты ауылында Абай, И.Панфилов, Т.Рысқұлов, А.Оспанов, М.Мақатаев, Р.Топатаев көшелеріне шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде.