ЖОБА
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, Талғар ауданының төтенше жағдайлардың алдын-алу және зардаптарын жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 1 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:
1. Талғар ауданы Бесағаш ауылдық округінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Талғар ауданы әкімінің орынбасары О.О. Каспакбаев тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талғар ауданының әкімі Т. Айдарбеков