
Бақбақты ауылдық округінде 1 футбол алаңы, 1 шағын футбол алаңы, 1 волейбол залы бар.
МАҚСАТЫ: дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларға қатысушылар мен көрермендердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау.
Президент спорт саласында мемлекеттік саясаттың басым бағыты етіп мыналарды алға қойған: дене шынықтыру арқылы ұлт саулығын нығайту, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, және спорттағы үлкен жеңістеріміз арқылы Қазақстанның әлемдік аренадағы имиджін жақсарту.
Президент халықтың 30 пайызын спортпен және тұрақты дене шынықтырумен айналысуын қамтамасыз ету үшін, бірінші кезекте бұқаралық спортты дамытуға және балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауды жүктеген болатын.