GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Все материалы
16 апреля 2026
Бақанас ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Бақанас ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында
«Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
 
Ауыл тұрғындары бұл кабинетке жүгіну арқылы:
•құқықтық сауаттылығын арттыра алады;
•әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау жолдары туралы ақпарат ала алады;
•құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алады;
•Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игереді.
 
🕘 Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі – жұма күндері
08:00 – 17:30
 
📍 Мекенжайы:
Бақанас ауылдық округі әкімдігінің ғимараты,
Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 66
 
📞 Байланыс телефоны:
8 727 739 17 42
03 февраля 2026
Алматы облысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өтті.

Алматы облысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өтті. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев төрағалық еткен жиынға облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ірі кәсіпорын жетекшілері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Өңір активі жаңа Ата заң қабылданған жағдайда биліктің халық алдындағы жауапкершілігі күшейіп, елдің саяси жүйесі толық жаңаратынын атап өтті.

«Конституциялық реформа аясындағы өзгерістер қоғам мен заман талабына сай саяси жүйені жаңартуға бағытталған: мемлекеттік басқару ашық бола түседі, шешім қабылдау сапасы артады, азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығаяды. Сонымен қатар әділеттілік, заң үстемдігі, бірлік пен келісім, егемендік пен аумақтық тұтастық, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттары конституциялық деңгейде бекітіледі. Ең бастысы – бұл өзгерістерді халықтың өзі қабылдайды. Конституцияның жаңа редакциясы жалпыхалықтық референдум арқылы бекітіліп, әрбір азаматқа саналы таңдау жасауға мүмкіндік беріледі», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Жаңа жоба аясындағы негізгі жаңалықтардың бірі – 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент, яғни Құрылтай институтын енгізу. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіне вице-президент институтын енгізу ұсынылып отыр.

Тараптар Конституциялық реформа аясында ұсынылған өзгерістерді халықпен кездесулерде және қоғамдық алаңдарда қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізудің маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар облыс әкімі Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамына Алматы облысынан облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев мүше екенін ерекше атап өтті.

24 ноября 2025
Аудан әкімі Азат Құтпанбетов Бақанас ауылдық округі тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді.

Аудан әкімі Азат Құтпанбетов Бақанас ауылдық округі тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауыл ішіндегі жол, көше жарығы, ауылды суландыру сияқты бірқатар мәселелерді көтерді. Бұл мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, бақылауға алынды.

05 ноября 2025
Балқаш ауданы Бақанас ауылында өмірлік жағдайлар мен заңды фактілердің тізбесін айқындау мақсатында мемлекеттік органның қызметіне талдау жүргізу туралы

Балқаш ауданы Бақанас ауылында өмірлік жағдайлар мен заңды фактілердің тізбесін айқындау мақсатында мемлекеттік органның қызметіне талдау жүргізу туралы

22 сентября 2025
Балқаш ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі іске қосылды.

Балқаш ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесі іске қосылды.

Ауданның маңызды көшелері мен қоғамдық орындарына орнатылған заманауи бейнекамералар тәулік бойы жұмыс істейді. Жүйе аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығына қосылған, сондықтан кез келген құқық бұзушылықты дер кезінде анықтап, тиісті шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, бейнебақылау камералары тек құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, сондай-ақ жол-көлік қозғалысын бақылауға, қауіпсіздікті күшейтуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Бұл бастама тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, аудан аумағында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

15 августа 2025
Қоқыс төгетін арнайы орын !!!

Қоқыс төгетін арнайы орын әр ауылдық округтерде бар. Ал Бақанас, Ақдала және Бояулы ауылдарының қоқыс төгетін орны Бақанас – Ақдала бағыттағы тас жолдың оң жағындағы Бақанас магистральды каналының арғы бетінде орналасқан.
2025 Қоқыс төгетін арнайы орын әр ауылдық округтерде бар. Ал Бақанас, Ақдала және Бояулы ауылдарының қоқыс төгетін орны Бақанас – Ақдала бағыттағы тас жолдың оң жағындағы Бақанас магистральды каналының арғы бетінде орналасқан.
2025 жылдың мамыр айынан бастап, аталмыш қоқыс алаңының аумағын қоршап, айналасына тазалау жұмыстары жүргізілді. Ол жердегі жұмыстардың кепілденуіне, күзетшілік отыратын арнайы бөлмеге күрделі жөндеу құрылыстары жасалған. Сондай-ақ түнгі жарықтар мен бейнебақылаулар орнатылған. Егерде қоқыс алаңының сыртына төгіп кетсе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің №434 бабы бойынша 5 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады. Қоқыс алаңында тәртіп бұзған адамдардың ерсі әрекеттері бейнебақылау арқылы анықталады. Сонымен қатар ол жерге қоқыс апарушы күзетшілердің талабын орындауы міндетті.жылдың мамыр айынан бастап, аталмыш қоқыс алаңының аумағын қоршап, айналасына тазалау жұмыстары жүргізілді. Ол жердегі жұмыстардың кепілденуіне, күзетшілік отыратын арнайы бөлмеге күрделі жөндеу құрылыстары жасалған. Сондай-ақ түнгі жарықтар мен бейнебақылаулар орнатылған. Егерде қоқыс алаңының сыртына төгіп кетсе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің №434 бабы бойынша 5 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады. Қоқыс алаңында тәртіп бұзған адамдардың ерсі әрекеттері бейнебақылау арқылы анықталады. Сонымен қатар ол жерге қоқыс апарушы күзетшілердің талабын орындауы міндетті.

18 июля 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ❗

Құрметті ауыл тұрғындары!!!  

ЕСКЕРТУ!

СУҒА ТҮСУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

❌ Бұл жерде суға түсу адам өміріне қауіпті!
❌ Арнайы құтқару қызметі қарастырылмаған
❌ Судың тереңдігі және ағысы белгісіз
❌ Судың түбі лайлы немесе тастар, қоқыс болуы мүмкін

✅ Өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қараңыз!
✅ Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

📍 Бұл аумақта суға түсуге заңмен тыйым салынған.
🛑 Ереже бұзған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ҚР ӘҚБтК 364-бап).

09 июня 2025
ХАБАРЛАНДЫРУ❗

Құрметті ауыл тұрғындары! 11-маусым сағ 11:00де Мектеп интернат акт залында Бақанас ауылдық округінің әкімі  Э.Байгуатова кезекті ауыл тұрғындарымен кездесу өткізеді.

15 апреля 2025
Құрметті ауыл тұрғындары хабарлама !!!

Құрметті ауыл тұрғындары хабарлама !!!
Бақанас ауылында «Қоғамдық қауіпсіздік бейнебақылау жүйесі» іске қосылуда.
Бейнебақылау камералары қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті арттырып, құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және оларға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бағытында атқарылып жатқан бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді. Ауыл тұрғындарының назарына! Бейнебақылау жүйесіне зақым келтірмеулеріңізді сұраймыз.

01 апреля 2025
Таза Қазақстан

28-наурыз Бақанас ауылдық округі Таза Қазақстан экология акциясы өткізілді.Тазалық акциясына мекемелер мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы