2023 жылға жоспар

2023 жылға жоспар

Бақанас ауыл ішінің ауыз су жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 млн теңге бөлініп, жұмыс жүргізілуде.

        Бақанас ауылындағы Нұрайдаров, Ю.Тлеубайұлы көшелеріне көше жарығын орнату үшін жобалық сметалық құжаттарын жасауға 3 млн 453 тг бөлінді.

        Бақанас ауылындағы Әзірбаев, Байғуатов, Жабаев, Сарсеев, Сүндетбай болыс көшелеріндегі көше жарығының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 23 млн 235 мың тг бөлінді.

        Сонымен қатар жастарға қызмет көрсету орталығы ғимаратын соғуға жалпы сметалық жоба құны 254,9 млн.  теңгені құрайды. Жер алаңы 0,5000га. Ғимараттың жалпы көлемі 311,0 м2. Ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс ойнатылып,құрылыс жұмыстары басталатын болады.

 

Дата публикации
10 февраля 2023