Ақжар ауылында 1 мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетуде. Олар өз қызметінде мәдени іс-шараларды
өткізуге бағытталған: концерттер мен спектакльдер, фестивальдар мен байқаулар, тұсаукесер,
шығармашылық кездесулер, көрмелер, мерекелер, аула мерекелері. Мәдениет үйінде домбыра тарту,
би билеу, тоқыма тігу үйірмесі және «Әжелер» ансамблі жұмыс істейді.