ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ақкөл округінің әкімдік ғимаратында «Құқықтық кабинет» жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындары осы кабинетке келіп, құқықтық сауаттылығын арттыру, әртүрлі бағыттар бойынша өздерінің заңды құқықтарын қорғау және қорғаудың құқықтық құралдары туралы ақпарат ала алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеріп, құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма күндері, сағат 08:00-ден 17:30-ге дейін.
Мекенжайы: Ақкөл ауылдык округі, әкімдік ғимараты
Ақкөл ауылы, Тұрұшов көшесі 5а
Байланыс телефоны: 93-2-95
Кезекті кездесу Ақкөл ауылында өтті. Кездесуде ауыл тұрғындары ұсыныс-пікірлері мен тілектерін білдірді.
Ауылдағы мектептің жұмысымен және дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен таныстым.
Аудандык "Ұлттык мектеп лигасы"
аясында 9-11-сынып оқушылары
арасында еткен шарын футболдан
Ақкөл орта мектебінің ұлдар командасы III орынды иеленді.
Сондай ак, Бауыржанулы Әлімжан ойыншылар арасынан "Үздік қақпашы " номинациясына ие болды. Жеңісті күндер
көп болсын!
Балқаш ауданы, Ақкөл ауылдық кітапханасында "Бір ел- бір кітап"акциясын насихаттау барысында "Талантты ұрпақтың тағылымды келбеті" атты тақырыптық кеш өткізілді. Шараға тұрақты оқырмандар, әкімшілік және мәдениет үйі қатысты. Мақсаты : Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға шақыру.
Балқаш ауданы,Ақкөл ауылдық мәдениет үйі және Ақкөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Ауғанның асуында от кешкендер ерлігі жадымызда" атты дөңгелек үстел мектеп оқушыларымен өтті. Мақсаты:Еліміздің ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында» және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдар» тарихына шолу жасау. Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау. Отанды, елін сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру, дағдыландыру.