Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» мемлекеттік байланыс орталығы өтініш білдіргендерге консультациялық, құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетеді. Барлық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
«111» байланыс орталығының жұмыс істеуін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіреді, бұл ведомствоаралық тәсілді және тәуелсіздікті қамтамасыз етеді.
2025 жылғы 12 ай ішінде «111» байланыс орталығының қызметкерлері тәулік бойы 267 508 өтініш қабылдады, оның ішінде кіріс телефон қоңыраулары арқылы – 145 548 қоңырау және QR-кодтар (мәтіндік өтініштер) арқылы – 121 960 хабарлама.