Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстанда бала құқықтарын қорғау жүйесі мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат беру шеңберінде халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізіледі, сондай-ақ халықаралық конференцияларға қатысу жүзеге асырылады.
118 ел үкіметінің қатысуымен өткен Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі бірінші жаһандық министрлік конференциясы шеңберінде (2024 жылғы 7-8 қараша, Богота қ., Колумбия) Қазақстан Республикасының атынан пленарлық отырыста, side event және pledge-сессияда сөз сөйлеу.
ЮНИСЕФ атқарушы директорының орынбасары Омар Абдимен кездесу.
Адам құқықтары жөніндегі әмбебап мерзімді шолу шеңберінде «Kazakhstan's democratic transformations: Political and social rights» тақырыбында side event-те сөз сөйлеу (Женева қ., Швейцария, БҰҰ ғимараты).
ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша бөлімшесінің өңірлік директоры (Женева қ., Швейцария) Реджина де Доминичиспен кездесу. Қазақстандағы балалар арасында буллингтің, зорлық-зомбылықтың және суицидтік қауіп-қатерлердің алдын алудың институционалдық және заңнамалық негіздерін біріктіретін «SAFE KIDS» бастамасының таныстырылымы.
Meta компаниясымен бірлесіп Қазақстанда teen accounts таныстырылымы және оны іске қосу өткізілді, сондай-ақ жастардың онлайн-қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
Интернеттегі сексуалдық зорлық-зомбылықтың алдын алуға баса назар аудара отырып, балаларды қорғау жүйесін зерделеу үшін Эстониядағы қазақстандық делегацияның жұмысына Бала құқықтары жөініндегі уәкіл Кеңсесінің қатысуы ұйымдастырылды.
Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу үшін Үкіметтік өзара іс-қимыл және әлеуметтік мәселелер жөніндегі омбудсменмен, Англиядағы Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен (Балалар омбудсменімен), отбасылармен және балалармен жұмыс жөніндегі әлеуметтік қызметтің, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің (әлеуметтік реформа жөніндегі топ), сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын Сoram Сampus ұйымының өкілдерімен кездесулер өткізілді.
Орталық Азия елдерінің Балалар омбудсмендерінің бірінші форумында сөз сөйлеу (2025 жылғы 11-12 қыркүйек), оның нәтижесі Орталық Азия елдерінің Балалар омбудсмендерінің бірінші форумының Декларациясына қол қою болды.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату жөніндегі өңірлік министрлік конференциясында сөз сөйлеу (Бухарест қ., Румыния, 2025 жылғы 13-14 қазан).
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің Комиссиясы шеңберінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің тұрақты өзара іс-қимылы жүзеге асырылады.