Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты

1. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын Қазақстан Республикасының Президенті құрады және ол өз қызметін балалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимыл жасай отырып,
қоғамдық негізде жүзеге асырады.
2. Баланың құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) тәуелсіздік;

3) балалар үшін қолжетімділік;

4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

5) объективтілік;

6) жариялылық.

3. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында:

1) бала құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді және баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың, олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;

2) бала құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз іске асырылуына және олар бұзылғанда қалпына келтірілуіне жәрдем көрсетеді

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

4) кәмелетке толмағандар ұсталатын білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз кіре алады;

5) баланың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына кедергісіз қол жеткізеді;

6) өзіне Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

7) отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі "111" байланыс орталығының қызметін және оның мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды үйлестіреді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі қызметінің тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.

 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі:

1) бала құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қатысты өтініштерді және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының баланың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзатын шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;

2) бала құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз іске асырылуына және олар бұзылғанда қалпына келтірілуіне жәрдем көрсетеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілге енгізеді;

4) жергілікті атқарушы органдарға және кәмелетке толмағандар ұсталатын білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелерінің ұйымдарына, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне кедергісіз барады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте балалардың құқықтарымен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық институттардың құжаттарына сұрау салу бойынша қол жеткізуге құқылы;

6) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы