GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
09 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау басталғаны туралы Анонс

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 21 қыркүйек мен 4 қазан аралығында «Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау аясында сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда, Сіз «Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ-не 8 (7212) 25-54-89 телефоны немесе b.nurmagambetov@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.

27 августа 2026
24 тамыз 2026 жылы Ә. Әлденеймен ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды анықтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

24 тамыз 2026 жылы Ә. Әлденеймен ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды анықтау және сүйемелдеу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Жүргізілген жұмыс барысында ерекше назар аударуды және одан әрі сүйемелдеуді қажет ететін 36 945 бала анықталды.

Негізгі назар қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды уақтылы анықтауға, туындауы мүмкін тәуекелдерді бағалауға, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ұйымдар тарапынан кешенді көмек көрсетуді қамтамасыз етуге аударылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ олардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.

 
13 августа 2026
ШЕТ АУДАНЫНДА «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫ»

«БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТЫ»
Шет ауданында білім беру ұйымдарында бірыңғай қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өтті.Негізгі назар — ведомствоаралық өзара іс-қимылға, тәуекелдердің алдын алуға, қауіп-қатерлерді уақтылы анықтауға және әрбір бала үшін қауіпсіз білім беру ортасын құруға аударылды.Қауіпсіз мектеп — бұл тек ережелер мен әрекет ету шаралары ғана емес. Бұл жауапкершілік, өзара іс-қимыл және алдын алу жұмыстары қауіптердің алдын алуға бағытталған біртұтас жүйе.

13 августа 2026
Шахтинск қаласы «Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздіктің бірыңғай стандарты»

Шахтинск қаласында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өтті. Жиында тәуекелдердің алдын алу, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және балалар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру мәселелері талқыланды.

07 августа 2026
«Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай қауіпсіздік стандарты: ведомствоаралық өзара іс-қимыл, тәуекелдер және алдын алу шаралары»

2026 жылғы 5 тамызда Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Б.С. Нұртаева Саран қаласы мен Абай ауданында «Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай қауіпсіздік стандарты: ведомствоаралық өзара іс-қимыл, тәуекелдер және алдын алу шаралары» тақырыбында көшпелі кеңес өткізді.

Кеңеске Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Д.С. Жиенбаев, Саран қаласы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, тәуекел факторларын уақтылы анықтау және балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған профилактикалық шараларды іске асыру мәселелері қаралды.

07 августа 2026
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастыру

29 шілде күні Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасында Теміртау қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының басшылығы мен заң қызметінің өкілдері, сондай-ақ Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төрағасымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына орналастыру мәселелері, қолданыстағы заңнаманы қолдану тәжірибесі және әрбір нақты жағдайды қарау кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы болды.
Кездесу барысында қатысушылар жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және оларды шешудің бірыңғай тәсілдерін келісті. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыруға және туындайтын мәселелерді жедел шешуге бағытталған одан әрі өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

07 августа 2026
«Орленок» балалар сауықтыру лагерінде қауіпсіздік бойынша шеберлік сабағы

Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы фитнес-жаттықтырушы Эдуард Гроссулмен бірлесіп «Орленок» балалар сауықтыру лагерінде қауіпсіздік бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара барысында балалар қауіпсіздік ережелерімен танысып, жол қозғалысы қағидаларын сақтау және қорғаныс құралдарын пайдаланудың маңыздылығы туралы ақпарат алды. Ерекше назар велосипед шлемін киюдің қажеттілігіне аударылды, себебі ол бас жарақатының алдын алуға көмектеседі.

07 августа 2026
«Факел» балалар сауықтыру лагерінде балаларға арналған қауіпсіздік бойынша шеберлік сабағы

Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы фитнес-жаттықтырушы Эдуард Гроссулмен бірлесіп «Факел» балалар сауықтыру лагерінде балаларға арналған қауіпсіздік бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Іс-шара барысында велосипедті қауіпсіз басқару ережелері, жол қозғалысы қағидаларын сақтау және қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану түсіндірілді. Ерекше назар велосипед шлемінің маңыздылығына аударылды. Шлем – құлау немесе жол-көлік оқиғасы кезінде бас жарақатының ауырлығын айтарлықтай төмендететін ең маңызды қорғаныс құралы.

Балалардың қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыру – олардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі. Сондықтан велосипед тебу кезінде шлем кию әрбір баланың міндетті дағдысына айналуы тиіс.

07 августа 2026
«Балалар қауіпсіздігі мектебі» пилоттық жоба


Қарағанды облысының Балалар құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «Балалар қауіпсіздігі мектебі» тақырыбында пилоттық жоба аясында танымдық іс-шара өткізілді.

Жобаның негізгі мақсаты 6–13 жас аралығындағы балалардың көшеде, үйде, мектепте, интернет желісінде, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде, сондай-ақ төтенше және өзге де қауіпті жағдайлар туындаған кезде қауіпсіз мінез-құлықтың орнықты дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында балалар қауіпсіздік ережелерімен танысып, түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын үйренді.

07 августа 2026
Велосипедті қауіпсіз жүргізу бойынша шеберлік сабағы

«Алаш» саябағындағы Ту тұғыры алаңы балалар қауіпсіздігіне арналған нағыз танымдық алаңға айналды.
Қарағанды облысының Бала құқықтарын қорғау басқармасы фитнес-жаттықтырушы Эдуард Гроссулмен бірлесіп, велосипедті қауіпсіз жүргізу бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Осындай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жазғы демалыстың қызықты ғана емес, қауіпсіз өтуіне де ықпал етеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы