GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
20 октября 2026
Заң мен тәртіп: елордалық балалар «Барыс» хоккей клубының матчтарын тамашалады

Қыркүйек айында Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті чемпионаты басталды.

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Есіл ауданының прокуратурасы Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасымен бірлесіп, 200 баланың «Барыс» хоккей клубының Уфаның «Салават Юлаев» және Хабаровскінің «Амур» командаларына қарсы матчтарын тамашалауын ұйымдастырды.

Матч кезеңдерінің арасындағы үзілістерде жас жанкүйерлерге арналған тақырыптық викторина өткізілді. Оның барысында балалар спорт пен заң арасындағы байланысты талқылап, ережелерді сақтау, тәртіптілік және айналасындағыларға құрметпен қараудың маңыздылығы туралы ой бөлісті.

Балалар ата-аналарымен бірге хоккей матчтарын тамашалап, еркін пікір алмасу барысында заңға бағыну, жеке жауапкершілік және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылады.

Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Елорда прокуратурасы мен Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы балаларға жастайынан заңға, белгіленген ережелерге және жауапкершілікке құрметпен қарауды үйретуге, сондай-ақ әрбір әрекетінің салдарын түсіне білуге шақырады.

20 октября 2026
Астанада «Әділет» партиясының Ашық есік күні өтті

Іс-шара аясында мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдар өкілдерінің қатысуымен азаматтардың балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты өтініштері қаралды. Атап айтқанда, білім беру қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасы, медициналық көмек көрсету, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алимент өндіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында тиісті ведомстволардың мамандары азаматтар көтерген мәселелерді өз құзыреті шегінде қарастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану тәртібі бойынша түсіндірмелер берді. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген тетіктері туралы ақпарат ұсынылды. Уәкілетті органдарға жүгіну тәртібіне, қажетті рәсімдерге және көтерілген мәселелерді шешу жолдарына ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ балалар мен отбасылардың құқықтары мен әл-ауқатына қатысты мәселелердің уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

20 октября 2026
Құқық бұзушылықтардың профилактикасы: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және заманауи тәсілдер

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өтіп жатқан «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы жүйесін өңірлік деңгейде басқару: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және үйлестіру» тақырыбындағы үш күндік семинар-тренингке қатысты.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Семинарға прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы органдар, білім беру саласының өкілдері, профилактика субъектілері, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар қатысуда.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасына ерекше назар аударылуда. Қатысушылар балаларға қатысты тәуекелдерді ерте анықтау, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылауда.

Үш күндік семинар қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы субъектілерінің бірлескен іс-қимылының нақты тетіктерін көздейтін ведомствоаралық жоба әзірленеді.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үйлесімді және жүйелі жұмысының нәтижесі.

13 октября 2026
Астанада балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Елордадағы «Жастар» сарайында «Қауіпсіз мектеп – әркімнің жауапкершілігі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараны Байқоңыр ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балаларды буллингтен қорғау мақсатында ұйымдастырды.

Кездесуге аудан мектептерінің оқушылары, директорлары мен педагогтері, ата-аналар, прокуратура, полиция, Төтенше жағдайлар департаменті, Білім басқармасы және Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтауға үйрету және балалар мен ересектер арасында ашық диалог қалыптастыру.

Кездесу барысында буллинг пен зорлық-зомбылықтың, есірткі мен алкогольге байланысты құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ интернеттегі қауіптердің алдын алу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көрсетілетін кешенді қолдау және кейс-менеджмент тетігінің маңызы түсіндірілді. Бұл тәсіл баланың жағдайын бағалауға, қажетті көмекті ұйымдастыруға және тиісті мамандардың өзара іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Балаларға құқықтары бұзылған немесе қауіп-қатерге тап болған жағдайда көмекке жүгіну жолдары таныстырылды. Атап айтқанда, мектептерде орналастырылған «111» бірыңғай байланыс орталығының QR-кодтары арқылы қажетті ақпарат алып, қолдау сұрауға болатыны айтылды.

Бұдан бөлек, қатысушыларға жол қозғалысы қауіпсіздігі, электросамокаттарды пайдалану ережелері, балалардың терезеден құлауының алдын алу, су айдындарындағы қауіпсіздік және өрт кезіндегі әрекеттер туралы ақпарат берілді.

Кездесу аясында Байқоңыр ауданының прокуратурасы Q-Arts Production шығармашылық ұжымымен бірлесіп әзірлеген «Тоғыз тағдыр» әлеуметтік-профилактикалық сериалы таныстырылды. Тоғыз бөлімнен тұратын туынды өмірлік оқиғалар арқылы ойланбай жасалған әрекеттердің ықтимал салдарын көрсетіп, жауапты шешім қабылдау мен заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіреді.

Іс-шара қорытындысында балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруда отбасы, мектеп және мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

Балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ жауапкершілік. Қауіптің алдын алу, балаға уақытылы қолдау көрсету және әрбір баланың үнін есту – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды шарттары.

13 октября 2026
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары кейс-менеджмент бойынша оқудан өтті

2026 жылғы 7–11 қыркүйек аралығында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары балалардың құқықтарын қорғау саласындағы кейс-менеджмент бойынша оқыту курсынан өтті.

Оқытуды «Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕАҚ және Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырды.

Курстың негізгі мақсаты – мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жағдайларды сүйемелдеу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру.

Оқыту барысында Қазақстан Республикасының заңнамасы мен балаларды қорғау жүйесіне қатысты мәселелер, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды қолдау тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар жағдайды анықтаудан бастап оны сүйемелдеуді аяқтауға дейінгі кейс-менеджмент кезеңдері, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс істеу кезінде балаға бағдарланған және жарақаттың әсерін ескеретін тәсілдерді қолдану, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасуды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алынған білім мен тәжірибелік дағдылар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, балалар мен отбасылардың қажеттіліктерін уақтылы анықтауға және оларға кешенді әрі атаулы көмек көрсетуге ықпал етеді.

Мамандардың біліктілігін арттыру – балалардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдірудің және әрбір баланың мүддесін қамтамасыз етудің маңызды қадамы.

13 октября 2026
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Астанада балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі және әл-ауқаты мәселелері талқыланды

27 тамызда Астана қаласында балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Бүгінде елордада 540 мыңнан астам бала тұрады. Балалар саны жыл сайын 20 мыңнан астам балаға артып келеді. Дөңгелек үстел барысында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының негізгі жұмыс нәтижелері және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар таныстырылды.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бекітілген өзара іс-қимыл алгоритмі аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау мақсатында 350-ге жуық шығу жұмыстары жүргізілді.

Сүйемелдеуді қажет ететін 3 мыңнан астам баланы қамтитын база қалыптастырылды. Пилоттық режимде балалар мен тәуекел тобындағы отбасыларды есепке алу және сүйемелдеу бойынша бірыңғай цифрлық платформа енгізілді.

Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 57,4%-ға төмендеді. Атап айтқанда, қылмыс саны 235 жағдайдан 135 жағдайға дейін азайған.

Балалар арасында буллингтің, зорлық-зомбылықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда. Профилактикалық есепте тұрған әрбір кәмелетке толмаған балаға тәлімгер бекітіледі.

Қазіргі уақытта Астана қаласында 961 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала есепте тұр. Олардың 83,8%-ы қорғаншылықта және патронаттық тәрбиеде тәрбиеленуде.

Соңғы үш жыл ішінде балалардың құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балалардың саны 16%-ға қысқарды.

Балалар жарақатының алдын алу мақсатында 10 мыңнан астам заңды өкілге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға арналған қауіпсіздік бойынша чек-парақтар, ақпараттық жадынамалар, сондай-ақ профилактикалық бейнероликтер әзірленді.

Өткен кезеңде 400-ден астам шұғыл шығу жұмыстары жүзеге асырылып, олардың нәтижесінде 32 бала мамандандырылған ұйымдарға орналастырылды.

Профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан мінез-құлқын өзгертпеген ата-аналарға қатысты заңнамада көзделген тиісті шаралар қабылданады. Оның ішінде ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы сотқа талап арыздар жолданады.

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы ата-аналар мен заңды өкілдерді:

  • балаларды қараусыз қалдырмауға;

  • терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арнайы қорғау құрылғыларын орнатуға;

  • балалардың жабдықталмаған су айдындарында шомылуына жол бермеуге;

  • кәмелетке толмағандардың интернеттегі қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

Баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау – отбасының, мектептің, мемлекеттік органдардың, мамандардың және тұтастай қоғамның ортақ міндеті.

21 июля 2026
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі профилактикалық рейд өтті.

Нұра ауданында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешкі профилактикалық рейд ұйымдастырылды.

Іс-шараға Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мен Балалардың құқықтарын қорғау орталығының мамандары, ювеналды полиция және Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қызметкерлері, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілері тексеріліп, түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

Осындай профилактикалық іс-шаралар балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде өткізілетін болады.

21 июля 2026
Астанада Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары үшін ауқымды оқыту аяқталды.

Семинарларды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Б. Закиевамен және БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп ұйымдастырды.

Үш апта ішінде Maqsut Narikbayev University базасында еліміздің барлық өңірлерінен 170 маман — балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер оқудан өтті.

Жаңа құрылымдар әр өңірдегі балалар мен отбасылар үшін «қолдаудың бірінші желісіне» айналады.

Семинарлар аясында мамандар кейс-менеджментті меңгерді, дағдарыс басталғанға дейін тәуекелдерді қалай анықтау керектігін және бірде-бір бала назардан тыс қалмауы үшін полиция, қорғаншылық органдары мен соттар арасындағы өзара іс-қимылды қалай құру керектігін үйренді.

«Бүгін балалардың қауіпсіздігіне инвестиция сала отырып, біз бүкіл Қазақстанның тұрақты болашағының негізін қалаймыз», — деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар.

Бұл тек бастамасы. Тамыз айында-ақ оқыту еліміздің барлық өңірлерін қамтуы үшін жаттықтырушыларды даярлау басталады. Біз Қазақстан Республикасының Үкіметіне әрбір бала өз әлеуетін қауіпсіз ортада жүзеге асыра алуы үшін қолдау көрсетуді жалғастырамыз.

21 июля 2026
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, полиция қызметі, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігін арттыру бағытындағы мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіндегі сұрақтар жан-жақты қарастырылып, тиісті мекемелермен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды күшейтуге бағытталған шешімдер қабылданды.

21 июля 2026
«Болашаққа қадам»: Астанада SOS Балалар ауылында жаңа мурал ашылды.

Астана қаласында «SOS Астана балалар ауылы» жеке білім беру мекемесінің аумағында «Болашаққа қадам» атты муралдың салтанатты ашылуы өтті.

Мурал балалардың ересек өмірге батыл қадам басуын, олардың өз болашағына деген сенімін және жаңа мүмкіндіктерге ұмтылысын бейнелейді. Жоба балаларды қолдауға, олардың ішкі әлеуетін дамытуға және қоғамда өз орнын табуға ынталандыруға бағытталған.

Муралдың көркемдік мазмұнында балалық шақ пен болашақ арасындағы байланыс көрініс тапқан: бір бөлігінде ойнап жүрген балалар мен балалық шақтың алаңсыз әлемі, екіншісінде — білім алып, ересек өмірге сенімді қадам басып келе жатқан жастар бейнеленген. Бұл — әрбір баланың арманнан мақсатқа дейінгі жолының символы.

Мурал композициясында үміт, сенімділік және даму идеялары жүзеге асырылған. Әрбір элемент балалардың ұмтылыстары мен армандарын жеткізіп, оларды алға жылжуға шабыттандырады.

Іс-шараға басқарма өкілдері, ұйым басшылығы, өткен жылдардың түлектері, сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан серіктестер мен еріктілер қатысты.

Ашылу барысында қатысушылар балаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалардың өскелең ұрпақтың болашағына оң әсер ететінін айтты.

«Болашаққа қадам» муралы — бұл жай ғана көркем туынды емес, әрбір бала үшін үміт пен шабыттың символы.

Социальные сети
Меню подвал
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң