GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Басқарма туралы
Все материалы
28 сентября 2026
АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бастамасымен «Ана Үйі» қоғамдық қоры мен бірқатар мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға көрсетілетін көмекті бір жүйеге біріктіріп, әр отбасының қажеттілігіне қарай медициналық, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдауды уақытылы ұйымдастыру.

Осы бағытта басқарма балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, баланың отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және отбасының тұрақтылығын сақтауға бағытталған ведомствоаралық жұмысты үйлестіруге басымдық береді.

Меморандум аясында денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоғамдық даму салалары, полиция қызметі және қоғамдық ұйымдардың мүмкіндіктері өзара сабақтастырылып, жүктілік кезеңіндегі және өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге, жас аналар мен олардың балаларына кешенді қолдау көрсету тетіктері күшейтіледі.

Басқарма үшін басты міндет – мәселе туындағаннан кейін ғана әрекет ету емес, тәуекелді ерте анықтап, отбасыға қажетті көмекті дер кезінде ұйымдастыру. Осы тұрғыда мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың бірлескен жұмысы әрбір баланың қауіпсіз әрі қолайлы отбасылық ортада өмір сүруіне мүмкіндік беретін маңызды тетік болмақ.

26 сентября 2026
БАЛАНЫ ҚОРҒАУ – БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Бүгін балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған жиыны өткізілді.

Кездесудің негізгі өзегінде – «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған ведомствоаралық жұмыс жоспарының орындалу барысы, тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау, оларды жеке сүйемелдеу және тәлімгерлік институтын тиімді ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Басқарма басшысы Ерлан Бәкіров өмірлік қиын жағдайға тап болған, құқық бұзушылық жасау қаупі бар немесе полиция органдарының есебінде тұрған балаларға қатысты жұмысты тек бақылаумен шектемей, олардың әлеуметтік ортасын зерделеу, отбасымен жұмыс жүргізу және қажетті қолдауды дер кезінде ұйымдастыруға ерекше назар аударды.

Жиында Қызылорда облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция аға инспекторы Раушан Абдразакова полиция органдарында тіркелген балалардың жағдайы және олармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы баяндады.

Ал басқарманың балалардың құқығын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тәуекелдерді ерте анықтау және балаларды жеке сүйемелдеуге арналған өңірлік алгоритмді таныстырды.

Отырыста полиция органдарында тіркелген отбасылардың балаларына әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, мәслихат депутаттары және бизнес қауымдастығы өкілдері арасынан тәлімгерлер бекіту мәселесіне де ерекше мән берілді. Тәлімгердің міндеті – баланы бақылау ғана емес, оған сенім білдіретін, дұрыс бағыт көрсететін және қиын кезеңде тұрақты қолдау көрсететін тұлға болу.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүйелі енгізу, «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы тиімді тәрбие тәжірибелерін тарату, балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және ведомствоаралық байланысты күшейту бағыттары талқыланды.

23 сентября 2026
Қызылорда облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, сондай-ақ бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын тұлға.

22 сентября 2026
БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН 150 ОТБАСЫНЫҢ ҮЙІНЕ ГАЗ ДАТЧИКТЕРІ ОРНАТЫЛАДЫ

Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының бастамасымен Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы шаралар бастау алды.

Шара аясында әлеуметтік қолдауды қажет ететін, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлеріне арнайы газ датчиктері орнатылды.

Қазіргі таңда демеушілердің қолдауымен 150-ге жуық арнайы құрылғы сатып алынды. Датчиктер кезең-кезеңімен тиісті отбасылардың үйлеріне орнатылады. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмысты жыл соңына дейін жалғастырып, қосымша отбасыларды қамту жоспарланып отыр.

Арнайы датчиктер үй ішінде газдың таралуы немесе қауіпті шоғырлануы байқалған жағдайда дер кезінде белгі беріп, төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, балалар тұратын үйлердің қауіпсіздігін күшейтуге басымдық берілуде.

Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Ерлан Бәкіров бұл шараның басты мақсаты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық жағдайда туындауы мүмкін қауіптердің алдын алу екенін атап өтті.

«Біздің негізгі мақсатымыз – әсіресе балалар тұратын үйлердегі қауіпсіздік деңгейін күшейту. Біз үшін ең бастысы – әр баланың қауіпсіз ортада өмір сүруіне нақты жағдай жасау», – деді Ерлан Бәкіров.

Шара барысында мамандар газ датчиктерін орнатумен қатар, тұрғындарға құрылғыларды пайдалану тәртібін, газ қауіпсіздігі талаптарын және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін түсіндіреді.

Алдағы уақытта басқарма Төтенше жағдайлар департаментімен және өзге де мүдделі мекемелермен бірлесіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

Басты міндет – төтенше жағдайлардың алдын алу, отбасылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және әрбір баланың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру.

18 сентября 2026
Басқарма басшысы “Әділет" партиясы алаңында балалар құқығын қорғауға қатысты тұрғындар сауалдарына жауап берді

Бүгін «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай тақырыптық қоғамдық қабылдау өткізілді.

Басты мақсат - балалар мен ата - аналардың өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешудің нақты тетіктерін қарастыру.

Қоғамдық қабылдауда Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Ерлан Бәкіров арнайы жазылып келген қала тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында тұрғындар балаларға көрсетілетін медициналық және оңалту қызметтерінің қолжетімділігі, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қажетті көмекті ерте кезеңде ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс тәртібі, балаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және құқықтық мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Қоғамдық қабылдау қорытындысымен азаматтардың өтініштері жинақталып оларды шешу жолдарын пысықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

11 сентября 2026
«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ӨҢІРДЕ ІСКЕ АСЫРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын өңірде іске асыру мәселелері қаралды. Басқосуда бағдарламаның 2026–2030 жылдарға арналған ведомствоаралық жұмыс жоспарының орындалу барысы талқыланды.

Жиынға балалардың құқықтарын қорғау, білім беру және тәрбие саласына жауапты мамандар қатысып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында заң мен тәртіп қағидаттарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Басқарма басшысы Ерлан Бәкіров әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүруі, сапалы білім алуы, өз қабілетін дамытуы және құқықтарының толыққанды қорғалуы – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Аймақта «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында арнайы ведомствоаралық жұмыс жоспары бекітілген. Құжат балалардың құқықтарын қорғаудың негізгі бағыттарын қамтып, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.

Жиын барысында жұмыс жоспарының 36, 37 және 40-тармақтарының орындалуына ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, 36-тармақ аясында орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын базалық ұйымдар ретінде айқындау, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша үздік тәжірибелерді енгізу және тарату мәселелері қаралды.
37-тармақ бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың аталған тәрбие бағдарламасының іс-шараларына толыққанды қатысуын қамтамасыз ету тетіктері талқыланды.
Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» жобасын кезең-кезеңімен кеңейту мәселесі қаралды. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы жоба 50 мектепті қамтуы тиіс.

Отырыста басқарманың балалардың құқығын қорғау, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова және Қызылорда облысының білім басқармасының тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының директоры Фархад Досаев баяндама жасап, негізгі талдауларды ұсынды.
Жиын қорытындысында ведомствоаралық жұмыс жоспарының тиісті тармақтарын сапалы әрі уақытылы орындау, іс-шараларды нақты нәтижеге бағыттау қажеттігі атап өтілді.

11 сентября 2026
«АНА ҮЙІ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Ерлан Бәкіров «Ана үйі» қоғамдық қорының қызметімен танысып, қор мамандарымен пікір алмасты.

Басқарма басшысы ұйымның негізгі қызмет бағыттары, аналар мен балаларға көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау шаралары, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасын сақтап қалуға ықпал ету, ана мен балаға кешенді қолдау көрсету және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кейс-менеджмент тәсілін тиімді пайдалану, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бағытында пікір алмасу жүргізілді.

07 сентября 2026
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛ БЕЛГІЛЕРІН ЕРТЕ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕНІ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАСТАЛДЫ

Қызылорда қаласы мен облыстың барлық аудандарында білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасында жәбірлеу (буллинг), зорлық-зомбылық және суицидтік ниет белгілерін диагностикалау және ерте анықтауға арналған *Mental Health ҰБДҚ (mhnobd.kz)* бірыңғай ақпараттық жүйесін қолдану бойынша арнайы оқыту курстары басталды.

Аталған ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен әзірленген.

Жүйенің негізгі мақсаты – балалар арасында туындауы мүмкін тәуекел белгілерін дер кезінде анықтау, мамандардың жедел әрекет ету тетіктерін жетілдіру және балаға қажетті психологиялық әрі әлеуметтік қолдауды уақытылы ұйымдастыру.

Оқытудың алғашқы кезеңінде білім беру ұйымдарының директорлары мен директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қамтылды.

Келесі кезеңдерде Психологиялық қолдау орталықтары мен Отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлері, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер, Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының мамандары және әкім орынбасарлары оқудан өтеді.

Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, суицидтік мінез-құлық тәуекелдерін ерте анықтау, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жүйелілігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыс балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың алдын алу тетіктерін күшейтуге және тәуекел жағдайларына уақытылы ден қоюға бағытталған.

07 сентября 2026
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Қызылорда облысында қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандары мен мобильдік топ мүшелеріне арналған арнайы оқыту курсы басталды.

Оқу курсы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша «Өркен» оқу орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін күшейту.

— Оқу барысында кейс-менеджмент тәсілдері, баланың жеке қажеттіліктерін бағалау, жеке сүйемелдеу жоспарын әзірлеу, қиын жағдайдағы балалар мен отбасылармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды тиімді ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қарастырылады, — деді басқарма басшысы Ерлан Бәкіров.

Сонымен қатар курс аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері, отбасыларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша практикалық жұмыстар жүргізіледі.

Оқыту барысында қатысушылар нақты жағдайларды талдап, балалар мен отбасыларды сүйемелдеудің тиімді алгоритмдерін меңгереді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс балаға қатысты тәуекелдерді ерте анықтауға, тиісті көмекті уақытылы ұйымдастыруға және әрбір баланың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Арнайы оқыту курсы 11 қыркүйекке дейін жалғасады.

01 сентября 2026
Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы басшысының Білім күніне арналған құттықтауы

Құрметті оқушылар, жасөспірімдер және жастар!

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Білім – тек жақсы баға мен болашақ мамандыққа бастар жол ғана емес. Ол – өзгеріске бейімделу, өз құқығыңды білу, жауапкершілікті сезіну, жаңа идеяларға ашық болу және қоғамға өз үлесіңді қоса білу.
Әрқайсыңыздың сапалы білім алуға, қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуға, өз қабілеттеріңізді шыңдап, армандарыңызға еркін ұмтылуға құқығыңыз бар.

Жаңа оқу жылы сіздерге жаңа мүмкіндіктер, пайдалы білім, жарқын бастамалар, сенімді достар мен үлкен жетістіктер әкелсін. Білімге деген құштарлықтарыңыз ешқашан бәсеңдемей, әр қадамдарыңыз болашаққа нық бастасын!
Білім күні құтты болсын!

Құрметпен,
Ерлан Бәкіров
Қызылорда облысының балалардың
құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма басшысы

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы