Басқарма ғимаратында тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін жинау жәшігі орналастырылған.
2026 жылдың ІI тоқсаны бойынша басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 12 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 10 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан - 2 өтініш түскен. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.