ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен өткен кеңес хаттамасына сәйкес Қызылорда облысында Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма құрылып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қалпына келтіру және тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Басқарма жұмысын 4 бағытта жүргізеді: қорғаншылық пен қамқоршылық; қылмыстық процестегі балаларды, оның ішінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды, арнайы мектептердің түлектерін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кәмелетке толмағандармен жұмысты үйлестіру және сүйемелдеу; психологиялық қолдау қызметін үйлестіру; балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау.
Басқарманың міндеттері - қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне мониторинг пен талдау жүргізу; зардап шеккен балаларды сүйемелдеу, ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру; қылмыстық процесте балаларға жеке сүйемелдеу жоспарларын жүргізу; жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету шараларын қабылдау; «Қазақстан балалары» тұжырымдаманың іс-шаралар жоспардың орындалуын және «Балалар жағдайы» Ұлттық баяндама шеңберінде шаралардың орындалуын қамтамасыз етілуін үйлестіру.
Бүгінгі күні келесі шаралар қабылданды.
Қорғаншылық пен қамқоршылық органның функциясын жүзеге асыратын мамандарымен 3 айда 1345 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Отбасына 21 бала орналастырылды. Оның ішінде қорғаншылыққа 14, патронат тәрбиеге -1, асырап алу – 6.
Балалардың қауіпсізідігін қамтамсыз ету мақсатында 19 бала отбасынан алынған.
Балалардың жағдайын тексеру мақсатында 600-ден астам тұрмыстық акт жасалынды.
Балаларға қатысты әр оқыс оқиға бойынша талдау жүргізіп, алдын алу шаралар қабылданады.
Өңірдегі «осал топқа» жататын балалардың, оның ішінде суицидиалды, девиантты мінез құлықты, зорлық зомбылықтың құрбаны болған, қылмыс жасағандарға талдау жасап, сүйемелдеу жүргізілуде.
Маусым айында барлық аудан және Қызылорда қаласының ведомствоаралық мобилдік топтармен кездесіп, «тәуекел топтағы» балалардың мәселесіне талдау жүргізілді («Тәуекел топ» психологиялық қолдау орталығымен айқындалады). Талдау нәтижесінде отбасылық мәселелерге қатысты 148 балаға кейс ашып, менторлар тағайындалды. Менторлардың жұмысын үйлестіру мақсатында шілде айында кездесу ұйымдастырылып, жұмыс бағыты түсіндірілді.
Сонымен қатар, назардан тыс қалатын, ешқандай мекемелерге бармайтын 0-3 жас аралығындағы балалардың құқықтарын сақталуын бақылауға алу мақсатында емханалардың патронаждық мебдикелермен кездесіп, қосымша қолайсыз отбасылар тізімі жинақталды.
Бүгінгі күні 724 баланы жеке сүйемелдеуге алу жұмыстар жүргізілуде.
Кейс мененджер, ментор, тәлімгер болып қорғаншылық және қамқоршылық органның, бала құқықтарын қорғау функциясын жүзеге асыратын мамандар, комиссиялар, депутаттар, кәсіпкерлер, ҮЕҰ өкілдері бола алады.
Кейс мененджмент бойынша басқарма тарапынан ү.ж. 28-31 тамыз аралығында семинарлар ұйымдастырылады.
Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына «111» байланыс орталығынан 20 хабарлама түсті.
Олардың 6 мәселе қанағаттандырылды, 14 мәселе бақылауға алынды.
Мемлекеттік мекемелерден балалардың құқықтарын қорғау бойынша 2 хабарлама түскен. Екі мәселе бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде балалардың құқықтарын қалпына келтіру қамтамасыз етілді.
Жеке өтініштермен 1 тұлғаның мәселесі сүйемелдеуге алынды.
Басқармамен мекемелерге мониторинг жүргізу барысында 6 кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзылу фактілері анықталып, қалпына келтірілді.
Салааралық мобилдік топпен 10 отбасыға барып, кейс ашылды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробациядағы алынған кәмелетке толмағандарға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 30 тәлімгер тағайындалды.
«Қазақстан балалары» тұжырымдаманың іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 8 аймен келесі шаралар қабылданды.
Облыстағы 327 мектеп (302 мемлекеттік, 19 жеке меншік, 3 арнайы интернат, 1 кешкі мектеп, 1 спорт интернат, 1 НЗМ), 28 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (17 мемлекеттік, 11 жекеменшік), 3 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында (отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы) «111» шұғыл көмек қызметінің QR-код тақтайшалар орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
Полиция органдарында тіркелген отбасылардың балаларына әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аймақтық комиссиялардың мүшелерінен, мәслихат депутаттарынан және бизнес қауымдастығынан тәлімгерлер тағайындалды.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құықтарын қорғау комиссияларының хатшыларын отбасын қолдау орталықтарының «FSM social» цифрландырылған базасын толық енгізілді.
Еріктілер тобын тарту арқылы Төтенше жағдайлар департаментінің үйлестіруімен «Терезе - SAFE» жыл сайынғы республикалық акциясын өткізілді.
Білім беру ұйымдарының маңында жол инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған техникалық құралдарды орнату бойынша жоспар әзірленіп, бекітілді.
Сондай-ақ Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын жаңғырту, орта білім беру ұйымдарында ішкі санитарлық тораптарға коммуникация жүргізу жөніндегі шаралары бар санитариялық-аулалық қондырғыларды жою жөніндегі жоспар бекітілді.
Балалардың құқықтарын қорғау бойынша уәкілетті органдардың лауазымдық міндеттеріне құқықбұзушылық жасаған балаларды сүйемелдеуге алу енгізілді.