
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының бірлесіп ұйымдастыруымен педагог-психологтарға арналған интернетке тәуелділіктің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтеді.
Үздік психологтар мен білікті мамандар, халықаралық лекторлар келесі бағыттар бойынша оқу семинарларын өткізеді:
- Интернетке тәуелді жасөспірімнің көңіл-күйін психологиялық диагностикадан өткізу;
- Тәрбие мәселесіндегі ата-аналардың біліктілігін арттыруға, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған құралдар жиынтығынан тұратын отбасылық психотерапия және жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Алдағы уақытта мамандар алған білімдерін ата-аналар мен балалар арасында супервизия арқылы кеңінен тарататын болады.
Интернетке тәуелділіктің алдын алу және профилактикалық әдістерін игеруге арналған материалдар республика тұрғындары арасында кеңінен насихатталады.
Шараға еліміздің 7500 педагог-психологы мен әдіскері қатысады.
Өтетін орны: ZOOM және Microsoft teams платформалары.
Өтетін уақыты: 14.09-24.09.2020 жж.