
Ағымдағы жылы 25 шілдеде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілі С. Айтпаева мен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті өкілдерімен жұмыс бабында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету, балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың денсаулығын сақтау мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, кездесудің қатысушыларына мектеп кезеңіне дайындық жөніндегі істердің жағдайы туралы, ең басты ауылдық жерлердегі оқушыларды жеткізуді және алып келуді ұйымдастыру, жолдардағы, жаяу жүргіншілер өтпеліндегі балалардың қауіпсіздігі және нашар көретін, құлағында кемістігі бар балаларға арналған дабыл құралдары мәселелері бойынша ақпарат берілді.