
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 27 тамызда мұғалімдер мен ата-аналарға арналған «Мұғалімдер және ата-ана: қалай байланыс орнатуға болады?» (Астана қаласының уақытымен 20:00-де) атты тақырыпта вебинар өтетінін хабарлайды.
Вебинардың мақсаты – баланың мүддесі және оның жан-жақты құқықтарын қорғау бойынша екі жаққа нәтижелі байланыс пен өзара әрекеттестік орнату тәсілдері бойынша ақпарат беру.
Вебинар ата-аналар мен педагогтарға, мектеп мамандары, оның ішінде ата-аналармен жұмыс жасайтын психологқа, әлеуметтік педагогқа және басқа да әлеуметтік-психологиялық қызметтердің өкілдеріне пайдалы.
Вебинарға қатысу үшін интернетке қосылған және колонкасы/құлаққабы бар компьютер немесе смартфон қажет. Қатысу тегін, орын саны шектеулі, сонымен бірге қатысушылар https://pruffme.com/landing/u501097/tmp1533456822 сілтемесі бойынша тіркелу қажет.