
2018 жылдың 22 қыркүйегінде бұқаралық ақпарат құралдары «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты республикалық ата-аналар конференциясына шақырылады.
Үшінші Республикалық ата-аналар конференциясының тақырыбы: «5-6-7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек».
Өткізілетін мекенжайы: Қазақстан республикасының барлық білім беру мектептерінде (14 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында).
Конференцияның басталу уақыты: сағ:10:00.
Ұйымдастырушылар: Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті, Отбасылық тәрбиелеу институты.
Республикалық ата-аналар конференциясына 5-6-7 сыныптарды оқитын жасөспірімдердің ата-аналары, білім беру ұйымдарының басшылары, шығармашылық және ғылым зиялылары, педагоктар қоғамы, педагогикалық еңбек ардагерлері және БАҚ қатысады.
Коференция күнтізбесінде төмендегі мәселелер қамтылады:
1. Жасөспірім жасындағы балалардың бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктер және олардың бала мінез-құлқында пайда болуы.
2. Жасөспіріммен жақсы байланысты қалай қалыптастыруға болады: білікті тәрбиенің 12 тәртібі.
3. Жасөспірімді ақпарат ағымының қауіпсіздігімен қамтамасыз ету. Интернетке тәуелділіктің қалыптасуын алдын алу шаралары.
4. Кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы суидцидтік (аутодеструктивті) мінезді алдын-алу.
5. Отбасылық құндылықтарды жеткізу және беріктендіру: бала тәрбиесі үшін отбасының амандығының маңыздылығы
6. Жасөспірімдердің деструктивті діни ағымдарға бет бұруын алдын-алу шаралары. Мектепке діни белгілері бар заттарды киюге тыйым салу. Әр баланы бір үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті
7. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен девиантты мінез-құлықты алдын-алу.
8. Ата-аналардың өзін-өзі бағалауы: жақсы ата-ананың қандай мінез-құлқы, іс-әрекеттері менде бар, қандай әрекеттерін маған дамыту керек?
Конференцияда жалпы адамзаттық және отбасылық құндылықтарды қалыптастырып дамытатын жаңа психологиялық-педагогикалық әдістемелер мен технологиялар қолданылады.
Конференцияның әдістемелік материалдары мен видеороликтері және ұсыныстары ата-аналарға кез-келген жастағы баласына үлгі болуға жол көрсетеді.
Конференция мектеп психологтары жүргізеді. Ата-аналарға ескертпе кітапшалары таратылып, сауалнама жүргізіледі.
БАҚ үшін ҚР қалаларында өтетін 3 Республикалық ата-аналар конференциясы бойынша орталық алаңдар (мектеп) тізімін қосамыз (қосымшада)
Қосымша ақпарат: тел. 8 (7172) 25 64 09, 25 65 09;