«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы

2018 жылғы 19 қазанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а. Ержан Ерсайынұлы Ерсайынов Созақ ауданы Шолаққорған ауылына Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге барды.

 

Аталған елді мекенде орналасқан «Шолаққорған» жалпы орта мектебінде 75-80-ге жуық педагог қызметкерлерімен және «Айшуақ» балабақшасының 25-30 қызметкерлерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында Е.Е.Ерсайынов Елбасы Жолдауында білім беру жүйесін одан әрі дамыту стратегиясының маңыздылығына, мұғалімдердің, психологтардың мәртебесі, айлықтары, білім сапасын жыл сайын көтеру, балаларымызға да, мұғалімдерімізге де қазіргі уақытта жағдай жасау мәселелеріне тоқталды.

 

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарды бейнекамералармен жабдықтау, орта білім беру және техникалық кәсіптік білім беру салаларын дамыту, үш ауысымды мектептердің жою қажеттіліктерін айтты.

 

Жоғары оқу орындарына жыл сайынғы бөлінетін гранттардың жағдайларын түсіндірді.  

 

Кездесуге қатысқандар білім саласына және бала құқығына қатысты бірнеше сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.