
Қазақстан Республикасында жаңа оқу жылының басында ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруда елеулі оқиға болды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) "Отбасылық тәрбие институты" ЖШС-мен бірлесіп, бір мезгілде 32 772 мың білім беру ұйымдарында және арнайы алаңдарда еліміздің психологтарымен бірыңғай сценарий бойынша ата-аналар конференциясын өткізді. Конференцияға 2 млн. 637 мың ата-ана қатысты.
Барлық ата-аналар көкейкесті мәселелерді шешу үшін кәсіпқойлардан практикалық кеңестер алды:
- балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- отбасы құндылықтарын ілгерілету және нығайту;
- кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу;
- кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу;
- кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни ағымдарды енгізудің алдын алу.
Конференция қорытындысы бойынша барлық ата-аналарға ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұсындамасы және сенім телефондары, 111 call-орталығы көрсетілген жадынамалар таратылды. Ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау және одан әрі жұмысты ұйымдастыру мақсатында сауалнама жүргізілді.
Ағымдағы жылғы 30 қазанда Министрлікте бейнеконференцбайланыс режимінде республиканың барлық өңірлеріндегі ата-аналар мен педагогтардың қатысуымен аталған жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы жұмыс перспективасы белгіленді.