«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

2018 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Балалық шақ – меиірімділік мекені» ұранымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқан басталды.

 

Республикалық ақпараттық науқан шенберінде еліміздің әр аймағында облыстардың Астана, Алматы, Шымкен қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен үкіметтік емес ұйымдармен:

 

  • балаларға қатысты қатыгезпен қарау мәселелеріне қоғамның назарын аудару және балаларға қатыгездік танытутың, тәрбиелеудің зорлық әдістеріне жол берілмеу туралы ақпарат тарату;
  • ата-ана жауапкершілігін насихаттау;
  • балаларға қатысты зорлық- зомбылық және қатыгездікпен қарау жағдайларда көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізіледі.

 

Еліміздің барлық өңірлерінде семинарлар, кездесулер, конференциялар, флеш-мобтар, демалыс күні мерекелері, рейдтік іс-шаралар өткізіледі және білім беру мекемелерінде көрмелер ұйымдастырылады.

 

Ақпараттық науқан 2018 жылдың 23 қарашасына дейін жалғасады.