
2018 жылғы 19-30 қараша аралығында республиканың барлық білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы – адам құқығы» атты республикалық онкүндік өтеді.
Мақсаты – білім беру ұйымдары оқушыларының құқықтық мәдениетін, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру.
Онкүндіктің барысында барлық өңірлерде Құқықтық білім күні, жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, қоғамдық қабылдаулар, балалар мен жастар қоғамдық бірлестіктері көшбасыларының слеті, семинарлар, дөңгелек үстелдер, қайырымдылық акциялар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшыларымен, мәслихат депутаттарымен кездесулер, ата-аналар, ҮЕҰ, балалар үйлерінің, кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталықтарының, интернаттық мекемелердің тәрбиенушілерінің, еріктілер топтары мүшелерінің қатысуымен кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады.
Онкүндіктің шеңберінде «Абайла, терезе!», «Судағы қауіпсіздік», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Балалардың құқықтары» атты әлеуметтік бейнероликтер(мемлекеттік және орыс тілдерінде) көрсетілетін болады http://www.bala-qqk.gov.kz/
Қазақстандық балалардың сапалы білім, медициналық қызметті алуына, қоғамдық өмірге араласуына, қауіпсіз ортада жеке өміріне құқығын жүзеге асыруына және әртүрлі қызмет саласында өздерінің құқықтарын пайдалануына мүмкіндіктері бар.
Қазіргі таңда балалар – қоғамдық бірлестіктер мен балалар ұйымдарының белсенді көшбасышылары, олар балаларға арналған жобалар, форумдар және іс-шаралар арқылы өз пікірлерін сүйіспеншілікпен және олардың қатысуымен жүзеге асыратын болады.