Бүгін әр ата-анаға баланың смартфоннан немесе планшеттен бас тартуы белгілі жағдай. «Тағы да 5 минут және болды», «Мен жаңа ғана алдым ғой» сияқты сөздер күнделікті шындыққа айналды. Балалармен келісу әрекеті көңіл-күйдің бұзылуына әкеледі. Дүниежүзілік статистика бойынша, халықтың шамамен 50%-ы қандай да бір әлеуметтік желіде, ал кейбіреулері тіпті бірден барлық әлеуметтік желілерге тіркелген. Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясын бастамасымен өткізуде. Аталған іс-шара оқушыларды смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектеседі. Акциямен республикадағы барлық 1-11 сынып оқушыларын қамту жоспарлануда.Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары 1-4 сыныптарға арналған «Интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты сурет байқауын, 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» эссэ жазуды ұйымдастырады. Жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Facebook» әлеуметтік желісінің ресми парақшасында орналастырылады.

2018 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С. Еңсегеновпен «Денсаулықты және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу» бағдарламаның республика ауматарында  іске асыру мәселесі бойынша кездесу өтті.

Кездесу жұмысына денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық саясаты департаментінің директоры, денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары, БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының, «BILIM FОUNDATION» қоғамдық қорының өкілдері сонымен қатар Астана қаласының мектеп психологтары қатысты.

Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу жөніндегі бағдарламаны іске асыру барысы туралы тұсаукесерді денсаулық министрліктің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры А. Негай таныстырды, және Атырау облысында бағдарламаны іске асыру мәселесі бойынша «BILIM FОUNDATION» қоғамдық қорының президента Е. Айтмухамбет таныстырды.

Жалпы кездесуге қатысушылар арасында конструктивтік диалог өтті оның қорытындысы бойынша мектептегі психологтардың жұмысына ерекше назар аударылды,сондай-ақ ата-аналар мен жасөспірімдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі аталып өтті.