
Құрметті достар!
Республикалық «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы еліміздің қайырымды азаматтарын балаларды мектепке дайындау кезінде мұқтаж отбасыларға бірігіп қолдау көрсетуге шақырады!
Жасаған көмегіміз риясыз болсын!
БАҚ - та және әлеуметтік желілерде қайырымдылық іс-шаралары туралы материалдарды тарата отырып, риясыз мейірімділік заңдарын және ұлттық заңнама нормаларын қатаң сақтау қажет.
Әр баланың қадір-қасиеті мен жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың суретін жарияламаңыз!