
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп ағымдағы жылдың 20 тамызында білім басқармаларының мамандары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары үшін заңмен байланыста, кейс-Менеджмент және COVID-19 пандемия мәселелері бойынша үшінші вебинар өткізді.
Тренингтер Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының мамандары үшін ZOOM арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде өтуде.
Бүгінгі күн бала мен отбасын әлеуметтендіру стратегиясын талқылауға арналды. Әлеуметтену үшін әлеуметтену фазаларының өзгеруін ескеру қажет (бейімделу, саралау және интеграция), сонымен қатар педагог үшін өзгерістердің жеке стратегиясын құру маңызды.
Семинарға қатысушылар тарихтарында өзгерістердің жалпы және жеке стратегиялары ерекшеленетін онлайн кейіпкерлеріміздің тағдырын қадағалауды жалғастыруда. Семинардың екінші бөлімінде өзгерістердің балама біріктірілген стратегиялары қарастырылды: дивергенция, медиация, пробация, тәрбиелік ықпалдың балама шаралары.
Өткен онлайн семинарлар сияқты, үшінші семинар күн қорытындысы бойынша Google тестімен аяқталды.
Алда төртінші семинар және оның негізгі тақырыптары: КОВИД-19 пандемиясы кезіндегі жұмыс. Эмоционалды және мінез-құлық ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу стандарты.
Болашақта басқа өңірлердің мамандары үшін осындай вебинарлар өткізу жоспарлануда.