
2020 ЖЫЛДЫҢ 20 ТАМЫЗЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ «БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАҢА АСПЕКТІЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ.
Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мамандары, әлеуметтік педагогтар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының директорлары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта республикада 23 641 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрады.
Мемлекет заңнамалық деңгейде 19 448 (82%) бала тәрбиелеп отырған (қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде, асырап алушы отбасыларда және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде) қазақстандық отбасыларды материалдық қолдауды көздейді.
Нәтижесінде балалар үйлері тәрбиеленушілерінің жалпы контингентінің төмендеуі байқалады. 2017 - 2019 жылдар аралығында балалар үйлері тәрбиеленушілерінің саны 43% - ға-7236 адамнан 4193-ке дейін қысқарды. Бұл ретте балалар үйлерінің желісі 140-тан 101-ге дейін, яғни 28% - ға қысқарды.
Семинар-тренинг барысында қашықтықтан оқыту форматында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру органдары мен ұйымдары қызметінің тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Семинар-кеңес спикерлері карантин кезеңінде өз жұмысында цифрлық құралдарды қолданудың сәтті мысалдары мен әдістемелерімен бөлісті.
ZOOM платформасындағы онлайн трансляция ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Facebook ресми парақшасында.