
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жыл сайын «Конвенциямен балалық шақ әлемі» атты сауалнама өткізеді. Аталған сауалнаманың мақсаты балалар мен жасөспірімдердің өз құқықтары туралы, Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы хабардар болу деңгейінің жыл сайынғы мониторингі, сондай-ақ балаларды құқықтық тәрбиелеудегі қажеттіліктерін анықтау болып табылады. 2019 жылғы наурыз айы мен сәуір айы аралығында барлық өңірлерде 5-11 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында жарияланатын болады.