«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ: МАХАББАТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ»

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ: МАХАББАТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ»

2020 жылдың 17 тамызында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылованың төрағалығымен 5 мыңға жуық - өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері, бастауыш және пилоттық білім беру ұйымдарының оқытушылары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, барлық өңірлердегі жоғары оқу орындары мен колледж студенттері «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілікке қызмет ету» республикалық тамыз конференциясының секциялық отырысына қатысты.

            Психология ғылымдарының докторы, профессор, ізгілік педагогикасының өзіндік тұжырымдамасын жасаушы Шалва Александрович Амонашвили құттықтау сөзін және ізгілік педагогикасының баға жетпес тәжірибесін конференция қатысушыларына ұсынды.

         Секциялық отырысының қатысушыларына республика мұғалімдерінің, шетелдік әріптестердің ең жақсы тәжірибелері, осы саладағы инновациялық ғылыми әзірлемелер ұсынылды.

         Балаларға адамгершілік және рухани тәрбие беру - мұғалімнің басты тәрбиелік міндеті.

         Адамның шынайы іс-әрекеті және білімдегі сүйіспеншіліктің мәні туралы Әзірбайжан ғалымдары - ф.ғ.д. Баку қаласындағы Ломоносов атындағы ММУ психология факультетінің деканы, профессор, психология және арнайы білім кафедрасының меңгерушісі М.А. Халилов, Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының сарапшылар кеңесінің мүшесі Е. Бейляров айтып берді.

         Жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу, ұрпақтар тәжірибесі, ұлттық рухани дәстүрлер отбасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететіні туралы «Өзін-өзі тану» гимназиясының ата-аналар қауымдастығының өкілі Е.С. Даумова баяндап берді.

         «Жалпыадамзаттық құндылықтарды түсіну жанашырлық пен жанқиярлықты тәрбиелеуге үйретеді» - бұл «Бөбек» ҰҒПББО «Руханият» клубының еріктілер қызметін ұйымдастырушылардың бірі, «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінің студенті Мамыт Еріктің бандамасының негізгі идеясы.

         Кәсіби шеберлігі мен балалардың адамгершілік және рухани тәрбиесіне кіршіксіз қызмет көрсеткені үшін «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік мұғалімдері Сара Алпысқызының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

         Секция отырысы өте әсерлі де, қызықты өтті. Нәтижелері бойынша ұсыныстар жасалынды.