468 маман Психологиялық қолдау орталықтарында еңбек етуде

468 маман Психологиялық қолдау орталықтарында еңбек етуде

КҮН САНЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде педагогтерге, ата-аналар мен балаларға уақтылы және білікті көмек көрсетілетін психологиялық қолдау орталықтары ашылды.

Негізгі міндет - балалар мен олардың отбасыларының психологиялық әл-ауқатын нығайту және сақтау үшін жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру.

Айта кетейік, қазіргі уақытта орталықтарда 468 маман жұмыс жасауда, 2025 жылға қарай олардың санын екі есеге арттыру жоспарланған. Олардың басым көпшілігі Астана қаласында, сондай-ақ Жетісу, Қостанай, Ақмола және Абай облыстарында қызмет етуде.