
2020 жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті онлайн режимде (Тікелей эфирдегі ZOOM платформасында 500-ден астам қатысушыны, YouTube арнасында 25 мыңнан астам қатысушыны қамтыды) «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы қазіргі жағдай: тәжірибе және даму перспективалары» атты республикалық семинар-тренинг кеңесін өткізді.
Республикалық семинар жұмысына «Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі» Қазақстанның ҮЕҰ басшысы, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро директорының орынбасары, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі Р.М.Ақылбекова, Street Law Kazakhstan Білім беру жобасының адам құқықтары және балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау жөніндегі үйлестірушісі Х.Қ.Әжіғұлова, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының өкілдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі, облыстар, қалалар мен аудандар әкімдерінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары, облыстардың, қалалар мен аудандардың Комиссия хатшылары, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің мамандары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Семинарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Семинар басында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Д.Ш.Жекебаев Мемлекет басшысына жолданған 2019 жылғы балалардың жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы бойынша ҚР-дағы балалардың жағдайы туралы баяндады.
Жабық мекемелердегі балалардың құқықтары туралы «Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі» Қазақстанның ҮЕҰ басшысы, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі Р.М. Ақылбекова айтып берді.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция Комитеті басқармасының бастығы А. О. Оспанов кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырудың практикалық аспектілері туралы сөз сөйледі.
Сондай-ақ, НЗМ ДБҰ оқушыларының әл-ауқат департаментінің директоры Д. Х. Уалкенова зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бойынша стандартты операциялық рәсімдерді, білім беру жүйесіне арналған ата-ана бағдарламасын әзірлеу туралы баяндады.
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері жөнінде ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты кафедрасының доценті, философия докторы А.С. Қуатова сөз етті.
Мектеп оқушылары үшін жеке қауіпсіздік туралы «Ангел» балалар қауіпсіздігі орталығының басшысы З.Х. Джумагулова айтып берді.
Республикалық семинардың практикалық бөлімінде буллинг, оның алдын алу, сондай-ақ мектептегі антибуллингтік саясат мәселелері бойынша қызықты әрі өзекті тренингтер өтті.
Сонымен, Х.Қ. Әжіғұлова, құқық докторы (PhD), адам құқықтары жөніндегі ғалым-заңгер, Street Law Kazakhstan Білім беру жобасының адам құқықтары және балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау жөніндегі үйлестірушісі «Мектептегі еріктілерге қарсы бағдарлама және анти-буллинг саясаты: мектептерге арналған практикалық кеңестер» тренингін өткізді.
Богатырева С.Г., психология магистрі, Just Support қорының атқарушы директоры, «Буллингтің психологиялық аспектілері және оның алдын-алу бойынша жұмыс» тренингін жүргізді.
Республикалық кеңестің қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылармен сындарлы диалог өткізіліп, ұсынымдар әзірленді.