
Бүгін, 2020 жылғы 13 тамызда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, білім басқармаларының мамандары, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнауы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары үшін вебинар өткізді.
Вебинарлар мамандарға кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында практикалық білім беруге, сондай-ақ балалардың осы санатымен жұмыс істеуге арналған құралдарды ұсынуға бағытталған.
Бүгін тренингтердің спикерлері Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Р. М. Ақылбекова, психология ғылымдарының кандидаты, профессор, БҰҰ БҚ (ЮНИСЕФ) жобаларының сарапшы-консультанты И. К. Мацкевич қатысушылармен бірге кейс-менеджменттің көмегімен отбасымен және баламен нақты жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бірқатар мәселелерді талқылады, мысалы, жағдайды бағалау, отбасы мен баланың өзгерістерін жоспарлау, отбасы мен балаға мониторинг жүргізу.
Бұл практикалық жаттығулар сұрақтар қоюды, «аяқталмаған әрекеттің әсерін» қолдануды, жағдайды бағалауды, SMART формуласына сәйкес өзгерістерді жоспарлауды үйренуге мүмкіндік береді.
Тренингтер Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының мамандары үшін ZOOM арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде өтеді.
Болашақта басқа өңірлердің мамандары үшін осындай вебинарлар өткізу жоспарлануда.