
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2020 жылғы 10 тамызда «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясын бастады.
Акцияның мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру.
Қатысушылар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, оқушылар мен жастар, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, педагогикалық, ата-ана, шығармашылық қоғам өкілдері, үкіметтік емес БАҚ ұйымдары және т. б.
Ішкі істер органдарының, өрт сөндіру қызметтерінің, Денсаулық сақтау органдарының қызметкерлерімен, ата-аналар қоғамдастығымен және ҮЕҰ-мен бірлесіп балалардың құқықтарын сақтау, жолдарда, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, мектепте, үйде, сондай-ақ бейтаныс адамдармен балалардың жеке қауіпсіздігін сақтау бойынша түрлі онлайн-іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларды жолдарда ұқыптылыққа шақыру бойынша онлайн-флешмобтар; «қауіпсіздік бойынша» суреттер конкурсы, «Қауіпсіз жол» қозғалысының жас инспекторларының онлайн-конкурсы, балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларға қатыгездікпен қарау фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту, балаларды ата-анасының қамқорлығынсыз қалдыру мәселелері бойынша ата-аналардың онлайн-жиналыстары өткізіледі.
Акция шеңберінде өткізілетін іс-шаралар білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға, оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қауіпсіз мектеп ортасын құруға жауапты мінез-құлық дағдыларын және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталатын болады