
2020 жылдың 10 тамызында білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде «Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктері» тақырыбында балалар қозғалысын құру және дамыту бойынша секциялық кеңес өткізілді.
Кеңес жұмысына педагогтар, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттердің, облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының, балалар қоғамдық бірлестіктерінің басшылары, ҮЕҰ, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері, жалпы саны 1550 адам қатысты.
Іс-шараның міндеті – балалардың шешім қабылдауға қатысуы жөніндегі ұлттық және халықаралық тәжірибені ұсыну, қол жеткізілген нәтижелерді талдау, Комитет ұсынған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысуды ұйымдастыру жөніндегі жобаны таныстыру.
Кеңес барысында БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры бағдарламаларының үйлестірушісі Стативкина Анна Вячеславовна қатысушыларға әлемде балалардың шешім қабылдау жүйесіне қатысу құқығының қалай іске асырылып жатқанын айтып берді.
«Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі тәжірибесін «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрайымы Сәдуақасова Динара Тайбасарқызы мен Қызылорда облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ақмырзаева Гуляим Ермекбайқызы ұсынды.
Балалардың құқықтық сауаттылығын дамыту мен мектеп қозғалысын іске асырудағы қосымша білім беру ұйымдарының рөлі турасында Қарағанды облысы Білім бөлімінің «Сарыарқа дарыны» балаларға арналған қосымша білім беру өңірлік ҒПО басшысының м.а. Балмакаев Саят Маратұлы сөз сөйледі.
Ағымдағы жылы демалыс кезінде балалардың демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі Тұжырымдама шеңберінде Министрлік тарапынан «Мың жаса!» ерікті балалар қозғалысы жобасы ұсынылған болатын.
Солтүстік Қазақстан облысында аталмыш жобаның жүзеге асырылуы туралы Қызылжар аудандық білім бөлімінің әдіскері Жумуков Мейірхан Серғалиұлы баяндады.
Кеңес шеңберінде ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен өңірлердегі балалардың өзара іс-қимылдарының жүйелі және тұрақты нысандарын әзірлеу мақсатында балалардың қоғам өміріне қатысуын жандандыруға бағытталған тетігі ұсынылды.
Елімізде баланың өзіне қатысты барлық мәселелері бойынша тыңдалу құқығы Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалар өкілдіктерін құру және дамыту арқылы іске асырылады.
Балалар өкілдіктерінің қызметін құру және іске қосу «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымымен, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларымен бірлесіп 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша балалар өкілдіктерінің жұмысы туралы ереженің жобасын ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында және ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің сайтында орналастырылған.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.