
ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІМЕН ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАЛДЫ
2020 жылдың 10 тамызында «Ашық білім және ғылым: қоғаммен, мемлекетпен, бизнеспен әріптестік» қазақстан республикасы білім беру қызметкерлерінің 2020 жылғы республикалық тамыз кеңесі шеңберінде «Демалыс кезінде балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» білім беру қызметкерлерінің секциялық отырысы өткізілді.
Секцияға 2 мыңға жуық педагог, білім, ішкі істер министрліктерінің, облыстық білім басқармаларының мамандары, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен республиканың білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Іс - шараның мақсаты-каникул кезінде карантин жағдайындағы балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың үздік тәжірибесін таныстыру; каникул кезінде балалардың сапалы және қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету үшін практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
Ағымдағы жылы карантин жағдайында оқушылардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу үшін Министрлік 2020 жылы каникул кезінде «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа бөлейік!» атты балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасын әзірлеп, өңірлерге жіберді.
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ю.Р. Овечкина конференцияға қатысушыларға ағымдағы жылы каникул кезінде балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы ақпарат берді.
Қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз етудің талаптары мен жай-күйі туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция бөлімінің бастығы Әсет Омарұлы Оспанов пен ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитеті басқармасының басшысы Марал Тілеулесқызы Рахымжанова айтып берді.
«Балдәурен» республикалық оқу-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскері Айтымова Назгүл Қонысбайқызы елімізде волонтерлік тәлімгерлік қозғалыстың қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты.
республика өңірлерінде құрылған тәлімгерлік шеберлік орталықтары ағымдағы жылы карантин жағдайында балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың тиімді тетігі ретінде әрекет етті.