
Бүгін 2020 жылдың 6 сәуірінде БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен заңмен байланыстағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кейс-менеджмент мәселелері бойынша білім басқармаларының мамандары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнаулы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары үшін онлайн вебинарлар басталды.
Тренерлер ҚР БҰҰ БҚ (ЮНИСЕФ) жобаларының сарапшы-консультанты, ШҚМУ профессоры, психология ғылымының кандидаты И.К. Мацкевич, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Р.М.Ақылбекова қатысушыларды заңмен байланыста балаларды қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құжаттармен, Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерімен, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жөніндегі БҰҰ Комитетінің қағидаттарымен таныстырды.
Вебинар аясында қатысушылар балаға жеке көзқарас пен пәнаралық жұмысты қамтитын кейс-менеджмент құралын зерттей бастады.
Қатысушыларға қиын өмірлік жағдайға тап болған баланы сүйемелдеу механизмі, қиындықтарды жеңудің тәсілдері мен әдістері, сектораралық үйлестіруді нығайту, арнайы әлеуметтік қызметтерді жоспарлау ұсынылды.
Вебинар барысында қатысушылар жеке жоспарларды құрастыруда машықтанды, шағын топтарда мақсатты пікірталастар өткізілді.
Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының өкілдері үшін вебинарлар сериясы.Алматы қаласы да апта сайын тамыз айының соңына дейін өтетін болады.
Алдағы уақытта басқа өңірлердің мамандары үшін осындай вебинарлар өткізу жоспарланып отыр.