Заңмен қарым-қатынастағы балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін вебинар- семинарлар өткізу туралы

Заңмен қарым-қатынастағы балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін вебинар- семинарлар өткізу туралы

ҚР Білім және ғылым министрлігі БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп ағымдағы жылдың 6 тамызынан бастап білім басқармаларының мамандары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнаулы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары үшін заңмен байланыстағы балалармен жұмыс істеу бойынша бірқатар практикалық тренингтер ұйымдастырады.

Тренингтің мақсаты-кейс-менеджменттің халықаралық тәсілі негізінде балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін оны әрі қарай қоғамға қайта біріктіру мақсатында отбасымен және баламен жұмыс жасау құралы ретінде практикалық дағдыларды ұсыну.

Оқыту қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қызмет көрсету бойынша әзірленген стандартқа негізделген.

Вебинарлар барысында қатысушылар практикалық кейстерді талқылайды, жеке жоспарларды құрастыруда машықтанады, шағын топтарда мақсатты пікірталастар өткізеді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсыру жоспарлануда.

Тренингтер Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының мамандары үшін ZOOM арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде өтеді.

Болашақта басқа өңірлердің мамандары үшін осындай вебинарлар өткізу жоспарлануда.