Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сарапшылармен бірге дөңгелек үстелде талқыланды

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сарапшылармен бірге дөңгелек үстелде талқыланды

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бірінші вице-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте «ЮНИСЕФ» балалар қоры, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты, «El Umiti» КҚ, үкіметтік емес ұйымдар, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер, психологиялық қолдау орталықтары қызметкерлерінің қатысуымен талқыланды.

«Балалар арасындағы психоэмоционалдық мәселелер өзекті болып қалуда, оларды шешу үшін бізге заманауи тәсілдерді әзірлеу қажет. Түрлі ұйымдар мен мамандардың қатысуы балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін жан-жақты қарауға және барынша тиімді шешімдер табуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті бірінші вице-министр Наталья Жұмаділдаева.

Кездесу барысында мектеп оқушыларын психологиялық қолдауды күшейту шаралары және психологиялық көмек бағдарламасын әзірлеу бойынша ұсыныстар талқыланды. Қатысушылар балалардың, ата-аналар мен мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті. Жеке деректерді қорғау үшін гигиенаны сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Қауіпсіз цифрлық ортаны құру мектеп оқушыларының психологиялық жағдайын жақсартуға және оларды ақпараттық кеңістіктегі өмірге дайындауға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, министрлік келесі бастамалар аясында белсенді жұмыс жүргізуде: Қазақстанның 20 өңірінде мектеп психологтарының, ата-аналар мен балалардың қызметін үйлестіруге бағытталған психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап 110 пилоттық мектепте Kiva финдік буллингке қарсы бағдарламасы іске қосылды, ал 50 мектепте «Өркен» ғылыми-практикалық институты әзірлеген Қазақстандық ДОСБОЛLiKe бағдарламасы іске асырылуда. Оқу жылының басынан бастап барлық мектептерде балалардың өз құқықтарын қорғау туралы хабардарлығын арттыру үшін Қауіпсіздік сабақтары өткізіледі.