Арнаулы білім беру ұйымдарымен кезекті онлайн -семинар өткізілді.

Арнаулы білім беру ұйымдарымен кезекті онлайн -семинар өткізілді.

2020 жылдың 30 шілдесінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кезекті онлайн -семинар өткізілді.

Онлайн-семинар жұмысына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н.Иманғалиев, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, ҚР БҰҰ БҚ (ЮНИСЕФ) жобаларының сарапшы-консультанты, ШҚМУ профессоры, психология ғылымының кандидаты И.К. Мацкевич, Street Law Kazakhstan адам құқықтары және балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау жөніндегі білім беру жобасының үйлестірушісі Х.К. Ажигулова, білім басқармаларының мамандары білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, мамандары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнайы білім беру ұйымдарының  басшылар мен мамандары, ювенальді полиция қызметкерлері  қатысты.

Семинар барысында арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істейтін жеті өңірдің білім басқармасы басшыларының орынбасарлары жаңа оқу жылына әзірлігі, арнайы білім беру ұйымдарын интернет-ресурстарға, компьютерлерге және қашықтықтан оқыту үшін барлық қажетті құралдармен қамтамасыз ету туралы хабардар етті.

Білім басқармасы басшыларының орынбасарлары қалған 10 өңірлерде, өз кезегінде, қатысушылардың назарына арнаулы ұйымдардан оралған балаларды әлеуметтендіру бойынша қабылданып жатқан шаралар, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру және өңірде қабылданған алдын алу шаралары, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз және құқық бұзушылық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы ақпарат берді.

 

Онлайн-семинарды қорытындылай келе, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.