
Кеңес жұмысына ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.Әзімова, Елбасы академиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жетім балаларға арналған ұйымдардың қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты.
Кеңес қатысушыларына белсенді және талантты жастарды қолдауға бағытталған «Елбасы медалі» бағдарламасы таныстырылды.
Сонымен қатар, кеңес барысында балалар үйлерінің қамқоршылық кеңестерінің қызметі талқыланды.
Қамқоршылық кеңес жұмысының басым бағыттары білім беру ұйымдарына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге ықпал көрсету; сапалы білім алуға жәрдемдесу; білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытудың, тәрбиелеудің және ұстаудың қолайлы, қауіпсіз жағдайларын жасау; білім беру ұйымы қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады.