
2020 ЖЫЛДЫҢ 29 ШІЛДЕСІНДЕ ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ-мен БІРЛЕСІП, БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ (ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 8 МАУСЫМДАҒЫ № 235 БҰЙРЫҒЫ) ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТКІЗДІ.
Аталған семинарға Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстарының білім беру органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушыларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында балалардың тамақтануын ұйымдастыруға байланысты қызметтерді, тауарларды жеткізушілерді таңдау бойынша конкурстарды өткізудің жаңа тәртібімен таныстырды.
Семинар барысында мектеп асханаларына қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу, асханалардың ас блоктарына бейнекамералар орнату, ас блогы қызметкерлерінің сандық құрамының сәйкестігі, білім беру ұйымдарының интернет-ресурсы арқылы ата-аналарды ақпараттандыру, мектеп оқушыларына тамақтандыруды ұйымдастыру туралы «Күнделік» жүйесіндегі ас мәзірі, тағамның фотосуреттері және т. б. нормалар түсіндірілді.
2020 жылдың 30 шілдесі мен 7 тамызы аралығында еліміздің білім басқармалары білім беру органдары мен ұйымдары, кәсіпкерлер, қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеттері үшін өңірлік оқыту семинарларының сериясын жоспарлады.