2020 ЖЫЛДЫҢ 24 ШІЛДЕСІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ОНЛАЙН-ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ.

2020 ЖЫЛДЫҢ 24 ШІЛДЕСІНДЕ  БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ОНЛАЙН-ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ.

2020 ЖЫЛДЫҢ 24 ШІЛДЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ ОНЛАЙН-ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ.

            Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н.Иманғалиевтің төрағалығымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлерінің және балалар құқығын қорғауды жүзеге асыру жөніндегі білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті директорларының орынбасарларымен қатысуымен онлайн жиналыс өтті.

         Кездесу барысында балалар арасында төтенше жағдайлар туындағанда шұғыл және алдын алу шараларын қабылдау үшін, сонымен қатар балалар құқығының бұзылу жағдайларын анықтау бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықтың өзектілігі талқыланды.

         Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының балалар құқығын қорғауды жүзеге асыру жөніндегі білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті директорларының орынбасарлары Л.К.Батырғалиева, Алматы қаласы Г.Т.Омарова аталған мәселе бойынша ұсыныстар енгізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

         Кездесу диалог режимінде өтті. Қорытындылай келе үкіметтік емес және балалар қоғамдық ұйымдарының өкілдерін осы мәселелерді шешуге тартуға бағытталған ұсыныстар енгізілді.