2020 жылдың 23 шілдесінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кезекті онлайн -семинар өткізілді.

2020 жылдың 23 шілдесінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кезекті онлайн -семинар өткізілді.

Онлайн-семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым вице-министрі    Б.А.Асылова, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н.Иманғалиев, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, ҚР БҰҰ БҚ (ЮНИСЕФ) жобаларының сарапшы-консультанты, ШҚМУ профессоры, психология ғылымының кандидаты И.К. Мацкевич, Street Law Kazakhstan адам құқықтары және балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау жөніндегі білім беру жобасының үйлестірушісі Х.К. Ажигулова, білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, мамандары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнайы білім беру ұйымдарының  басшылары мен мамандары, ювенальді полиция қызметкерлері  қатысты.

ҚР Білім және ғылым вице - министрі Б.А.Асылова семинарға қатысушыларға ведомствоның жаңа басшысы – Балалардың  құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е. Н. Иманғалиевті таныстырып, кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы әрекеттерінің алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылда табысты жұмыс тіледі.

Семинар барысында Комитет басқармасының басшысы                      Р.С. Сәрсенова өткен семинарлардың ұсынымдарын орындау туралы ақпарат беріп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерінде жергілікті атқарушы органдардың оң тұстары мен кемшіліктерін атап өтті.

Девиантты мінез-құлықты балаларды әлеуметтендіру туралы кезекті семинарлар тақырыбын жалғастыра отырып, БҰҰ ДФ (ЮНИСЕФ) жобалардың сарапшы-консультанты И.К.Мацкевич қатысушылардың назарына «Арнаулы білім беру ұйымынан кейін баланы әлеуметтендіруді жоспарлау: сүйемелдеу және өзара жауапкершілік» бағдарламасын ұсынды.

Бұл тәжірибе – бағытталған ақпарат тек арнаулы ұйымдардың мамандарына ғана емес, сондай-ақ бала мен отбасын әлеуметтендіру үшін тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен құқық бұзушылықтары жүйесінің мамандарына өмірлік қиын жағдай туындағаннан бастап одан шыққанға дейін өзекті болып табылады.

Сондай-ақ, БҰҰ ДФ (ЮНИСЕФ) жобасының сарапшы-кеңесшісі              И.К. Мацкевич психологтар мен мамандарды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанынан ұйымдастырылатын тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырды.

Баланы әлеуметтендіру бағдарламасын қолдай отырып, Street Law Kazakhstan Білім беру жобасының үйлестірушісі Х.Қ.Әжіғұлова психологтарға, педагогтарға, білім беру және әлеуметтік мекемелердің мамандарына, жасөспірімдердің ата-аналарына, балалардың мінез-құлқындағы девианттық проблемаларға қызығушылық танытатын барлық ата-аналарға арналған практикалық семинарлар өткізу бойынша өз көмегін ұсынды.

Жамбыл облысы білім басқармасы басшысының орынбасары               Т. С. Жамалов құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру және аймақта қабылданған алдын алу шаралары туралы баяндады.

Өз кезегінде, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы мектебінің директоры О.О. Күнтубаев өмірлік қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыстың көп жылдық тәжірибесімен бөлісті.

Семинар аясында Комитеттің бас сарапшысы А. Абельдинова білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастырудың жаңа ережелерін ұсынды.

Онлайн-семинарды қорытындылай келе, Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асылова қоғамдық ұйымдар мен ғылыми қызметкерлерді тарта отырып, Арнаулы білім беру ұйымдарының тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.