БҮГІН ҚР БҒМ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ВИЦЕ-МИНИСТР Б.АСЫЛОВАНЫҢ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

БҮГІН ҚР БҒМ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ВИЦЕ-МИНИСТР Б.АСЫЛОВАНЫҢ ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

БҮГІН ҚР БҒМ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ВИЦЕ-МИНИСТР Б.АСЫЛОВАНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖЕТІМ ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОНЛАЙН-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.
Кеңес барысында өзекті мәселелер – Жамбыл облысындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың балалары мен қызметкерлері арасында COVID-19 алдын алу шаралары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының білімгерлері мен тәрбиеленушілеріне тамақтандыруды ұйымдастыру ережесі талқыланды.
Балалардың денсаулығын қорғау әрі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда карантин енгізілді.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 31 қазанындағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін әрі білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрық жаңа редакцияда ұсынылды.